Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Болгарияда өткен турнирде жеңімпаз атанды

27 Ақпан, 2017

Болгария астанасы Софияда "Странджа" атты халықаралық жарыс өтті. Оған қазақстандық боксшылар да қатысты. 

Ең ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қонқабаев жартылай финалда болгариялық боксшыға жол беріп, үшінші орынды иеленді. Ал 75 келіге дейін салмақта бокстасатын жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет шаршы алаң қожайыны Арман Хакобянды финалда жеңіп, турнирдың жеңімпазы атанды.

 

 

Естеріңізге салайық, осы жылы қазақстандық боксшылар екі үлкен додаға қатысады. Олар - Өзбекстанда өтетін Азия біріншілігі және Германиядағы әлем чемпионаты.

 

суреттер - Данияр Майлыбаев

Наверх