Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамасы Германияда жаттығуда

07 Наурыз, 2017

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Германияда жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бас бапкер Мырзағали Айтжанов ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында мәлім етті.

 

«Біз кеше, жексенбі күні Германияға ұшып келдік. Қазақша айтқанда, «ит тұмсығы өтпейтін ну орман» арасында орналасқан базаға келіп жайғастық. Басты мақсатымыз - біріккен оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу. Қазір ауа райы мен уақыт айырмашылығына бейімделіп жатырмыз. Жалпы Германияға 15 боксшы алып келген болатынмын. Оның 10-ы осында өтетін турнирге қатысады. Ал бесеуі жақында Финляндия елінде өтетін тағы бір турнирге аттанады. Ал қалған жігіттер Алматыдағы AIBA академиясында жаттығып жатыр. Олардың ішінен алты боксшымыз Бакуде өтетін «Жібек жолы» турниріне қатысады, - деп атап өтті бас бапкер. Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт Қазақстан құрамасы Алматыда АҚШ және Германия боксшыларымен бірлеккен оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын.

 

inform.kz

Наверх