Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Шүменовтің келесі жекпе-жегін кіммен және қашан өткізетіні белгілі болды

25 Наурыз, 2017

Шүменов кубалық Юниер Дортикоспен 29 сәуірде Лас-Вегаста жұдырықтасатын болды.

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің келесі жекпе-жегін кіммен және қашан өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Шүменов кубалық Юниер Дортикоспен 29 сәуірде Лас-Вегаста жұдырықтасатын болды. Айта кетейік, отандық спортшы ауыр салмақтағы (90,7 келіге дейінгі) WBA тұжырымының аралық чемпионы, ал кубалық осы ұйымның титулының уақытша иегері.


"Осындай жекпе-жектің өтуі үшін атқарылуы тиіс болған жұмыстарды орындағанымызға қуаныштымыз. Жуырда Дортикостың қаһарлы қарсыласқа қарсы тарихи жекпе-жекте дарынын әлем тамашалайды деп үміттенеміз", - деп мәлімдеді Дортикостың промоутері әрі Warriors Boxing компаниясының басшысы Луис Декубас. Юниер Дортикос. © elnuevoherald.com


Шүменов 2015 жылдың жазында Бенджамин Флоресті жеңіп, уақытша чемпиондық титулға ие болған, кейін Джуниор Райтты нокаутқа түсірген соң аралық чемпион атанған еді. 


kaz.vesti.kz
 

 
Наверх