Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Астанада бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

05 Мамыр, 2017

Ағымдағы жылы өткелі отырған бұл чемпионатқа еліміздің 14 аймағынан келген 86 қыз өзара күш сынасатын болады.

Қазақстан бокс Федерациясы аталмыш чемпионатты инфрақұрылымы ерекше дамыған, сонымен қатар, Астанадағы осындай жарыстарды ұйымдастырудың тәжірибесін есепке алып, елордада өткізуге шешім қабылдады. Айта кету керек, 2016 жылы Астанада өткен әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында отандастарымыз 4 алтын медаль женіп алған болатын. 

Олар әлем чемпиондары – Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбаева, олармен қатар, 2017 жылғы еліміздің чемпионатында Рио олимпиадасының қатысушылары – Жайна Шекербекова мен Дариға Шәкімова да осы чемпионатқа қатысқалы отыр.

 Әдеттегідей, чемпионаттың қортындысы бойынша ұлттық команданың жаңа құрамы қалыптасады. 2020 жылы Токиода өтетін олимпиаданың аясында бапкерлер құрамы «олимпиадалық» өлшеулі салмақ дәрежелеріне – 51, 60 және 75 келіге ерекше мән береді.   Жазғы маусымда халықаралық бокс ассоциациясы мен халықаралық комитеті тағы даекі дәрежедегі - 57 және 69 келі салмаққа дейінгілерді олимпиада бағдарламасына енгізу мәселесін қарастырады.   Ұлттық командаға кіру мақсат қойған және олимпиадаға жолдама алғылары келетін қыздар арасында осы бес салмақ,бәсекелестіктің қатаң талқысына айналуы ықтимал.     

 «Біз қазір 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадалық кезеңнің басында тұрмыз, бірақ ол босаңсуға әлі де уақыт бар екенін білдірмейді, – деп ерекше атап өтті, ұлттық команданың бапкері Вадим Присяжнюк.–Демек, ұлттық командаға өтетін спортшыларды төрт жыл бойы тынбай жаттығулар  мен қатан бәсекелестік жарыстаркүтуде. Сонда ғана біздер өз бәекелестерімізден қалыс қалмаймыз. Аймақтарда да қыздар боксына ерекше мән беруіміз керек және олар ең  жақсыдайындықпен келген астаналық командадан тәжірибе  алғандарын  қалаймыз.

 Олимпидалық мүмкіндіктерін есепке алғанда, бүгін бастаған қыздарымыздан ертең еліміздің атағын шығаратын алтын медальды күтуге болады».  

 Чемпионаттың ашылу күнінде «Дәулет» спорткешенінде ұлттық әйелдер құрама командасының бас бапкері Вадим Присяжнюк, Астана денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Берік Маржықпаев, әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай мен құрметті қонақ – Қазақстандық әлемнің бірінші чемпионы, еңбегі сіңген спорт шебері Валерий Рачковтың қатысумен баспасөз-конференциясы өтті. 

«Қазақстандағы әйелдер боксының дамып жатқанына және оның кең қанат жайғанына қуаныштымын. Қазақстандықтар әлемнің үздік спортшыларымен бәсекеге түсуде, жылдан жылға құрама мүшелері шеберліктерін арттыруда. Осы чемпионатта да жарық жұлдыздарды көретінімізге сенімдімін, әлем чемпионы болу үшін бар күш-жігерлерін салып, жеңіске жететін болады,сөйтіп, келесі олимпиадалық ойындарда өздерін көрсетеді. Барлық қыздарға сәттілік тілеймін.!» – деп жылы лебізін білдірді Валерий Рачков.

 


Наверх