Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді деп хабарлайды boxrec.com.
Аталған сайт Қанаттың мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы жекпе-жегінің деңгейін 3 жұлдызға бағалады. boxRec порталының әлемдік рейтингінде Қанат бірінші орта салмақта 55 ұпаймен 55-орында тұрса, Гонсалес 59 ұпаймен 46-орында тұр. Ал бұл Қанаттың алғашқы 3 жұлдыз деңгейіндегі жекпе-жегі болмақ.
12 раундқа жоспарланған белдесудің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша NABO және WBA тұжырымының аймақтық Intercontinatal белбеуін қанжығасына байлайтын болады. Сондай-ақ, boxRec рейтингінде жоғарылайды.
Айта кетейік, бірінші орта салмақта 1 798 кәсіпқой боксшы өнер көрсетеді. Геннадий Головкинның қарсыласы Саул Альварес осы салмақтың әлемдік рейтингінен көш бастап тұр, оның еншісінде 1 358 ұпай бар.
Бокс кешін «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.
Ұлы жібек жолы: Қазақстан боксшылары Бакудегі турнирге қатысады 19 Наурыз, 2024
Қазақстан боксшылары Belgrade winner турнирінен 4 алтын, 4 күміс еншіледі 18 Наурыз, 2024
“Belgrade winner” турниріне 12 боксшы қатысады 13 Наурыз, 2024
Қазақстан боксшылары Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирден бес жолдама еншіледі 12 Наурыз, 2024