Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Данияр Елеусінов: Ұлттық құрамаға қайта келу-келмеу мәселесін әлі шешкен жоқпын

06 Маусым, 2017

Рио-де-Жанейро олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына қайта келу-келмеу мәселесін әлі шешпегенін айтты.

«Ұлттық құрамаға қайта келу-келмеу мәселесін әлі шешкен жоқпыз. Әлі де ойлану үстіндеміз. Бірақ бұрынғы келісім жасаған компания бізді алдап соққанын осыған дейін тілшілерге айттық. Олардан біржола қол үздік. Бірақ, басқа да түсіп жатқан ұсыныстар бар. Ұлттық құрамаға қайта келмес бұрын жақсырақ ойланып алуымыз керек», — деп атап өтті Данияр Елеусінов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Данияр Елеусінов Ұлттық құрамаға қайта келуі мүмкін екенін айтқан болатын. Оған басты себеп, Австралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясы берген уәделерінен тайып, боксшыларды кәсіпқой бокстағы шаршы алаңға шығармаған.

Наверх