Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Асқар Құлыбаевтың жүлдесіне арналған бокстан Халықаралық турнир мәресіне жетті

05 Шілде, 2017

Атырау қаласында дәстүрге айналған  Қазақстан Республикасы Бокс Федерациясының құрметті президенті Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың жүлдесіне арналған ерлер арасында Бокстан Халықаралық турнир мәресіне жетті. Биыл турнир Асқар Алтынбекұлының 80-жылдық мерей тойына тұспа-тұс келді.

Бес күн бойы жалғасқан турнирде Әзірбайжан, Ресей, Сирия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан мемлекеттерінен 100 боксшы өзара мықтыларды анықтады. Жарыс жеңімпаздарына қомақты ақшалай сыйақы берілді.

 

Алтын медальға ие болған боксшымыз Ержан Ордабаев жеңіске жету оңай болмады дейді:

 

«Қай-қай турнир болмасын қарсыласқа немқұрайлы қарауға болмайды. Әрбір жекпе-жекке дайындалып шығамыз. Бұл менің үш турнир қатарынан жеткен жеңісім. Үнемі қалыпты формада жүру оңай емес, бірақ өз жерімізде өткен соң барымды салдым».

 

Қазыбек Сапенов турнирдегі «ең үздік боксшы» атағына ие болды. Жастар сапынан енді ғана шыққан боксшы Мерей Құрманғазы турнирдің ең жасы кіші боксшысы болды. Ол өзінің ересектер арасындағы алғашқы тунирін сәтті бастап, қола медальға ие болды.

 

Турнирде Сирия елінен бес боксшы келіп, төрт алтын және бір күміс медаль иеленді. «Біз Сирия елінен ең мықты боксшыларды іріктеп алып келдік»,  — дейді жарыс супервайзері Шбиб Мухамед Камель. Сириялықтар Құлыбаев турнирінде қарсыластарының барлығын ұтып шықты. Олардың арасында Азия құрлығын жүлдегерлері, Олимпиада ойындарының қатысушылары да бар.

 

Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев турнирінің жеңімпаздары:

 

Атырау қаласы, Қазақстан (1-5 шілде)

 

49 келіде:


1. Хусейн Алмасри (Сирия)
2. Жандос Несіпжан (Алматы)
3. Хозилжон Абдумуратов (Өзбекстан), Мерей Кұрманғазы (Атырау)

 

52 келіде:


1. Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)
2. Рашит Салауатов (Атырау)
3. Куаныш Дуйсенбай (Маңғыстау), Азат Үсеналиев (Қырғызстан)

 

56 келіде:


1. Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола облысы)
2. Олжас Қалаубек (ОҚО)
3. Абылай Сайлаубеков (Павлодар), Еламан Хамитов (Алматы облысы)

 

60 келіде:
1. Ержан Ордабаев (Атырау)
2. Бекнұр Ожанов (ШҚО)
3. Асылхан Ұзақбаев (Атырау), Эржан Тургумбеков (Қырғызстан)

64 келіде:


1. Андрей Лейхнер (Алматы облысы)
2. Казбек Сапенов (Атырау)
3. Сабыржан Абилов (Қызылорда), Нұртас Ажбенов (Ақтөбе)

69 келіде:


1. Ахмад Гуссун (Сирия)
2. Алмасбек Әлібеков (ОҚО)
3. Мирас Нығметов (Атырау), Бекболат Құрамысов (Алматы)

 

75 келіде:


1. Одилжон Аслонов (Өзбекстан)
2. Амандық Манашев (Атырау)
3. Ыктияр Шабданбаев (Қырғызстан), Илияз Ахматалиев (Қырғызстан)

 

81 келіде:


1. Наурызбек Сағымбаев (Қарағанды)
2. Садам Эльбиев (Ресей)
3. Тимур Ержанов (ШҚО), Дәурен Мұхамбеджанов (Атырау)

 

91 келіде:


1. Иллин Гусун (Сирия)
2. Мұхамеджан Еркін (ОҚО)
3. Батырхан Ғаббасов (Атырау), Мағжан Базарбай (Маңғыстау)

 

+91 келіде:


1. Мухамед Мулайез (Сирия)
2. Манаф Асаад (Сирия)
3. Есенаман Шунгарин (Атырау), Нұржан Бекзатов (ОҚО).

 

dodasport.kz


Наверх