Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Балғын боксшыларымыз бірінші орында

10 Тамыз, 2017

Филиппинде бокстан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Бұл додада сәтті өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы жалпы­командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Финалға шыққан қазақстандық сегіз боксшының алтауы Азия чемпиондары атанды. Атап айтқанда, Махмұд Сабырхан (48 кг), Бей­барыс Жексен (52 кг), Айтжан Әшірхан (54 кг), Ерасыл Жәкпеков (70 кг), Қуандық Мақсұт (75 кг) және Сағындық Тоғамбай (80 кг) алтын жүл­деге ие болды. Ал  Ақылбек Мұхтаров (46 кг) пен Бекзат Ерімбет (60 кг) күміс медальды місе тұтты. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы алты алтын, екі күміс және екі қола жүлдемен ең үздік нәти­жеге қол жеткізді. Екінші орындағы Өзбекстан командасында үш алтын және үш күміс медаль бар. Жапония құрамасы екі алтын, бір күміс жүлдемен үздік үштікке ілікті.


egemen.kz

Наверх