Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Qazsport телеарнасы бокстан Қазақстан біріншілігін тікелей эфирде көрсетеді

05 Қараша, 2017

2017 жылдың  5-12 қараша аралығында Шымкент қаласында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді.  Бұл біріншілікте еліміздің барлық облысы мен Алматы, Астана қалаларының ең үздік былғары қолғап шеберлері бақтарын сынайды.

Чемпионатқа 2016 жылы WSB жобасындағы «Азияның ең үздік боксшысы» атанған Асланбек Шымбергенов (69 кг), Қазақстан Республикасының бокс шебері, халықаралық турнирлердің жүлдегері Расул Жаңбырбай, 91 келі салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шебері Антон Пинчук және тағы да басқа отандық бокстың үздіктері қатысады. «QAZSPORT» телеарнасы бокстан Қазақстан чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді.  



kaztrk.kz

Наверх