Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Алты боксшы ел біріншілігіне қатысқан жоқ - Айтжанов

05 Қараша, 2017

Бокстан Шымкент қаласында өтіп жатқан ел біріншілігіне ұлттық құраманың алты боксшысы қатыспайды.

«Шымкентте кеше басталған ел біріншілігі өте тартысты өтіп жатыр. Барлық облыстың былғары қолғап шеберлері мықты дайындықпен келгені көрініп тұр. Нағыз мықтылар санаулы күнде белгілі болады. Бірақ ұлттық құрамада өткен жылдан бері ел намысын қорғап келе жатқан алты боксшы ел біріншілігіне қатыспайды. Себебі олар осыдан екі ай бұрын ғана Германияның Гамбург қаласында ұйымдастырылған әлем чемпионатында бар күш-жігерін сарқып, елге медаль сыйлады. Абыройымызды асырды. Жекпе-жек барысында жарақат алды. Олар қазір өздеріне ем-дом алып, қысқа мерзімге демалыс алған. Сондықтан ел біріншілігінен босатылды», - деп атап өтті бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Гамбург қаласында өткен әлем чемпионатында 49 келіде Жомарт Ержан, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 91 келіде Василий Левит қола жүлдегер атанса, 75 келіде Әбілхан Аманқұл, +91 келіде Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдегер атанса, 56 келіде Қайрат Ералиев әлем чемпионы атанған еді.  


kazinform.kz

Наверх