Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы жаттығу жұмыстарына кірісті

11 Қаңтар, 2018

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда 2018 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді. «Аздаған демалыстан кейінгі алғашқы жаттығуға кірісіп кеттік. Енді боксшылар осы жылдың соңына дейін тыным таппай еңбектенетін болады. Алда Азиада ойындары. Сол үшін барымызды салып, еңбектенетін боламыз. Қазір жаттығуға төрт құрам толығымен кірісті», - деп атап өтті бапкер.

Боксшылар Алматыдағы АИБА академиясында жаттығып жатыр. Сондай-ақ, бас бапкер алдағы жоспарларымен де қысқаша бөлісе кетті.

«Азиадаға дейін көптеген жарыстарға, оқу-жаттығуларға қатысамыз. Ақпан айында Ресей, Өзбекстан құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығуларын жасасақ, наурызда Ресейге барамыз. Сәуірде тағы бір шетелге оқу-жаттығуға баруды жоспарлап отырмыз. Мамыр айында өз елімізде шет елден құрамалар шақырып жаттығу жасайтын боламыз. Арасында көптеген халықаралық додалар болады. Сол жарыстарға төрт құрамды да қатыстырып, ішінен кіл мықтыларды талдап, Азия ойындарына апаруды жоспарлап отырған жайымыз бар», - деді Айтжанов.

sport.inform.kz

Наверх