Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Мырзағали Айтжанов: «Жәнібек Әлімханұлы мансабын уақытша тоқтатты»

15 Қаңтар, 2018

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жаңа маусымға дайындығы мен алдағы жоспары туралы айтып берді.

 - Қаңтардың бесі оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Жиын қаңтардың 23-не дейін жалғасады. Ақпаннан бастап халықаралық жарыстар басталады. Ал биылғы маусымның ең негізгі турнирі - Индонезияда өтетін Азия ойындары болмақ. Бұл жарыста жалпыкомандалық бірінші орын алуға тырысамыз. Басты қарсыластарымыз Өзбекстан құрамасы болмақ. Жиынға ұлттық құраманың көшбасшы боксшылары қатысуда: Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Қайрат Ералиев және қалғандары. Тек қана Жәнібек Әлімханұлы келе алмады. Ол уақытша мансабын тоқтататынын айтты. Жалпы бізде қазір төрт құрамамыз бар. Барлық боксшыларымызды жарыстарға апарып, арасынан ең мықтыларын Азия ойындарына қатыстырамыз. Индонезияға тек жүлдеге тартысатын боксшылар ғана барады, - деді Мырзағали Айтжанов ҰОК баспасөз-қызметіне.

prosports.kz

Наверх