Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

«Астана арландары» WSB жобасындағы екінші кездесуін Ақмола облысында өткізеді

15 Ақпан, 2018

Жекпе-жек 24-ақпанда болады.

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін "Астана арландары" клубы жобадағы ресейлік "Patrion Boxing" командасына қарсы екінші кездесуін Көкшетау маңындағы Щучинск қаласында өткізеді. Бұл туралы клубтың ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасы хабарлады. 

Кездесу 24-ақпан күні Астана уақытымен 17:00-де басталады. Жекпе-жектер "Жақсы-2" спорт кешенінде өтеді. 

Еске салайық, жаңа маусымның бірінші жекпе-жегінде қазақстандық клуб үндістандық "Индиан Тайгерс" командасын Қарағандыда қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. 



kaz.vesti.kz

Наверх