Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

«Астана арландары» финалға жолдама алды

27 Мамыр, 2018

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WBS) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» кезекті кездесуін «British Lionhearts» командасына қарсы өткізіп жатыр.

Бұл жартылай финалдық кезеңдегі «Astana Arlans» пен «British Lionhearts» командалары арасындағы қарымта кездесу екенін еске саламыз. 

Атырау қалсында алғаш болып шаршы алаңға 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов пен Уилл Коули шығып, қонақ команданың боксшысы жеңген еді. 

Ал екінші болып күш сынасқан Серік Теміржанов (60 келі) қарсыласы Калум Френчті 2:1 есебімен жеңді. Осылайша, бүгінгі есеп теңесті. 

Одан кейін жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. 3:0 есебімен Карл Фэйлді оңай ұтты.

Төртінші болып шаршы алаңға шыққан Бек Нұрмағамбет пен Лиридон Нуха (81 келі) жұбында да қазақстандықтың бәсі басым болды. Отандасымыз қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.

Осылайша, «Астана арландары» сегізінші маусымның финалына жолдама алып отыр. Енді қалған бір жекпе-жек кездесу қорытындысына әсер ете алмайды.

prosports.kz/kz

Наверх