Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Теміртас Жүсіпов ҚР Президенті Кубогы турнирінде топ жарды

10 Маусым, 2018

Астана қаласында бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық дәстүрлі турнирі өтіп жатыр.

 Бүгін боксшылар алтын медаль үшін жұдырықтасатын болады.

Ерлер арасында алғаш болып шаршы алаңға 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшылар шықты. 

Бұл салмақта қос қазақстандық күш сынасты. Нәтижесінде Жомарт Ержанды жеңген Теміртас Жүсіпов 2018 жылғы Президент кубогының иегері атанды.

prosports.kz

Наверх