Азия чемпионатының финалында қазақстандық Еркежан Дәулетжанқызын жеңген вьетнамдық боксшы қыз жігіт болып шықты.
Таиландтағы турнир сәуірде өткен. ШҚО-дан барған қыз финалда вьетнамдыққа жол берген. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін оның жігіт екені анықталды.
"Жұдырықтасу әдісі мен дауысы жігітке ұқсаған", - дейді қазақстандық спортшының жаттықтырушысы Арман Тыныбаев.
Оның айтуынша, жарыс аяқталғаннан кейін Халықаралық бокс қауымдастығы спортшыдан ДНҚ тест тапсыруын талап еткен. Осылайша шындықтың беті ашылған.
Екі аптадан кейін ол шеттетілген. Қазақстан бокс федерациясы ендігі кезекте Азия бокс федерациясы Еркежанға Азия чемпионатының алтын медалін беруді және Аргентинада өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуды сұрап, өтініш жазады.
egemen.kz
Ұлы жібек жолы: Қазақстан боксшылары Бакудегі турнирге қатысады 19 Наурыз, 2024
Қазақстан боксшылары Belgrade winner турнирінен 4 алтын, 4 күміс еншіледі 18 Наурыз, 2024
“Belgrade winner” турниріне 12 боксшы қатысады 13 Наурыз, 2024
Қазақстан боксшылары Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирден бес жолдама еншіледі 12 Наурыз, 2024