Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Президент Кубогының финалына шыққан боксшылар анықталды

09 Маусым, 2018

Астанада бокстан Президент Кубогының финалына шыққан боксшылар белгілі болды.

Жеңіл салмақта қос қазақстандық финалға шықты. 

Жомарт Ержан үндістандық Лалбиакким Нутлаиды жеңсе, Теміртас Жүсіпов екі дүркін Еуропа чемпионы Василий Егоровты ұтты. 

52 келі салмақта алтын жүлдені Анвар Мұзаппаров пен филиппиндік Ладон Роген  сарапқа салады. 

56 келіде Әлем чемпионы қазақстандық Қайрат Ералиев жартылай финалда Олимпиада чемпионы Шахобиддин Зоировты ұпай санымен ұтып, финалға шықты. Екінші жартылай финалдық кездесуде Ілияс Сүлейменов америкалық Дюк Рэганнан жеңіліп қалды. 

60 келіде финалға ресейлік Габил Мамедов пен өзбек Шункор Абдурасулов шықты. 

64 келіде тағы бір өзбек боксшысы Икболжон Холдаров қазақстандық Бекдәулет Ибрагимовпен алтын жүлде үшін таласады. 

69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов пен Абылайхан Жүсіпов финалға шықты. 

75 келіде финалда Әбілхан Аманқұл тағы бір отандасымыз Ерік Әлжановпен кездеседі. 

81 келіге дейінгі салмақта Өзбекстан елінің боксшысы Бектемир Меликузиев қазақстандық Бек Нұрмағанбетовпен алтын жүлде үшін талас жүргізеді. 

 91 келіде турнирдің басты фавориті саналған  Василий Левит жартылай финалда ресейлік Садам Магомедовтан жеңіліп қалды. Садам финалда Абзал Құттыбековпен жолығады. 

Аса ауыр салмақтың алтын жүлдесін Қамшыбек Қоңқабаев пен ресейлік Максим Бабанин сарапқа салады. 

Финалдық кездесулер ертеңге жоспарланған. Бокстан Президент Кубогын еліміздегі жалғыз спорттық арна «QAZSPORT» көрсетеді. 

prosports.kz

 

 

Наверх