Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Үш отандасымыз Белоруссияда өткен турнирде жеңіс тұғырынан көрінді

15 Қазан, 2018

Минск қаласындағы халықаралық жарыс өз мәресіне жетті

 

Қазан айының 9 мен 13 аралығында Беларусь Республикасының астанасында Кеңес одағының батыры Виктор Ливенцев атындағы XVI халықаралық турнир өтті.

«Уручье» спорт кешенінде жалауын көтерген жарысқа 19 елдің былғары қолғап шеберлері қатысты. 69 келіде жерлесіміз Сабыржан Бекбергенов Израиль мемлекетінің өкілі Мирослав Капулерді финалда жеңіп алтыннан алқа тағынды. Мақжан Бекзат (56 келі) тек ақтық кездесуде ғана Иорхан Родригеске (Франция) есе жіберіп күміс жүлдеге ие болды. Теміртас Жүсіпов болса, жартылай финалда Коулен Уиллға (Ұлыбритания Корольдігі) ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты.

 

 

Фото: Ақмола бокс федерациясы

Наверх