Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Буэнос-Айресте бокс жекпе-жектері басталды

15 Қазан, 2018

Надежда Рябец (75 келі) жартылай финалға шықты

Аргентина Республикасында жалауын желбіреткен жасөспірімдердің үшінші Олимпиада ойындары аясында өтетін бокс турнирі қазан айының 13 мен 18 аралығына жоспарланған. Еліміздің намысын 5 боксшымыз қорғайды. Олар: Жансая Әбдірайымова (51 келі), Надежда Рябец (75 келі), Талғат Шәйкен (64 келі), Айбек Оралбай (91 келі) және Дамир Тойбай (91 жоғары салмақ).

Жеребе нәтижесіне сәйкес, біздің саңлақтарымыз турнирді ширек финалдық кезеңнен бастайды. Жансая Әбдірайымова шаршы алаңға бүгін көтеріледі. Ал Надежда Рябец болса, Наталья Гажевскойды (Польша) ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Демек, кем дегенде қола медальға қол жеткізеді деген сөз. Енді ол 1/2 кезеңінде ресейлік Анастасия Шамоновамен кездеседі.

15 қазан күнгі кесте (Астана уақыты бойынша)

16 қазан, 00:15, 91 келіден жоғары салмақ (жасөспірімдер)

Дамир Тойбай - Ваисилика Толауа Туигамала (Самоа)

16 қазан, 3:45, 64 келі (жасөспірімдер)

Талғат Шәйкен - Эрдонис Малики (Косово)

16 қазан, 4:30, 91 келі (жасөспірімдер)

Айбек Оралбай - Эндрюс Сальгадо (Чили)

16 жасөспірімдер, 5:15, 51 келі (қыздар)

Жансая Әбдірайымова - Хэвен Дестини Гарсия (АҚШ)

Наверх