Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Жасөспірімдер Олимпиадасы: тағы үш жерлесіміз келесі кезеңге өтті

16 Қазан, 2018

Бүгін рингке көтерілген 4 боксшымыздың 3 жартылай финалға шықты. 91 келіден жоғары салмақтағы отандасымыз Дамир Тойбай, қарсыласы Самоа елінің өкілі Толауа Туигамаланың өз еркімен жарыс жолынан шығып қалуына байланысты келесі кезеңге кедергісіз өтті.

Тағы бір батырымыз - 91 келідегі Айбек Оралбай, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Чили Республикасының саңлағы Эндрюс Сальгадоны шаң қаптырды. Тіпті, кездесу ортасында қарсыласын нокдаунға жіберді. Енді Айбек Оралбай пуэрторикалық Элвин Каналеспен былғары қолғап түйістіреді.

64 келідегі үмітіміз Талғат Шәйкен де косоволық Эрдонис Маликидің кездесуден бас тартуына байланысты әрі қарай қиындықсыз өтті. Енді біздің боксшымыз мароккалық Мұхаммед Бұлаужбен рингке көтеріледі.

Бүгін өткен барлық кездесулердің ішінде Жансая Әбдірахманова (51 келі) ең қызықты әрі ең тартысты әдемі жекпе-жек өткізді. Ару қызымыздың қарсыласы да мықты, АҚШ келген Әлем чемпионы Хэвен Гарсия еді. Жерлесіміз өте жоғары дәрежеде өнер көрсеткенімен, өкінішке орай, төрешілердің шешімі бойынша 2:3 есебімен жол берді.

Алдағы кездесулер кестесі мынадай (Астана уақыты бойынша):

17 қазан, 00:15, 91 келіден жоғары салмақ (жасөспірімдер)

Дамир Тойбай – Тетлуа Чүөл (Канада)

17 қазан, 1:15, 75 келі (қыздар)

Надежда Рябец – Анастасия Шамонова (Россия)

17 қазан, 3:45, 64 келі (жасөспірімдер)

Талғат Шәйкен – Мұхаммед Бұлаужа

17 қазан, 4:30, 91 келі (жасөспірімдер)

Айбек Оралбай – Элвин Кәнәлес (Пуэрто-Рико) 

Сурет: Сали Сабыров, ҰОК Баспасөз қызметі

Наверх