Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Шымкентте Қаракөз Әбдіәлиев атындағы 39 халықаралық турнир өз мәресіне жетті

16 Қазан, 2018

 Биыл Кеңес Одағы Батырының туғанына 110 жыл

10 мен 15 қазан аралығында өткен Қаракөз Әбдіәлиев атындағы жарысты Шымкент қаласының әкімдігі мен Шымкент бокс федерациясы, сонымен қатар, қалалық спорт және денешынықтыру басқармасы ұйымдастырды.

Аталмыш турнирге Мажарстан, Сирия, Өзбекстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен келген спортшылар қатысты. Халықаралық додада АИБА супервайзері әрі қатарынан 5 Олимпиадада төрелік еткен Шабиб Мухаммед бас төреші болды.

Турнир қорытындысы бойынша 8 елдің өкілдері жүлдегерлер мен жеңімпаздар қатарынан көрінді. Олардың ішінде ұлттық құрама мүшелері де бар. Мысалы, Әнуар Мұзаппаров (52 келі) чемпиондық атаққа ие болса, Әділет Құрметов (63 келі) финалға шығып, күміс жүлдені қанағат көрді.

Сонымен, жарыс қорытындысымен таныс болыңыздар!

52 келі:

І орын Музаппаров А., Алматы облысы

ІІ орын Оқилов Д., Тәжікстан

ІІІ орын Алмасри Х., Сирия

ІІІ орын Кабдешов Т., Ақмола облысы

57 келі:

І орын Абдуллаев С.,  Қырғызстан

ІІ орын Мирзабеков Ш., Өзбекстан

ІІІ орын Кыдырбаев Ж., Тараз

ІІІ орын Дауыт Ы., Түркістан

63 келі:

І орын Жаксылык Д., Шымкент

ІІ орын Курметов А., ШҚО

ІІІ орын Имашев Т., Ресей

ІІІ орын Камчыбеков Б., Қырғызстан

69 келі:

І орын Абдихалык М., Шымкент

ІІ орын Вадос А., Мажарстан

ІІІ орын Закир А., Астана

ІІІ орын Бекбауов Д., Тараз

75 келі:

І орын Зарбет Р., Мажарстан

ІІ орын Досымбек А., Астана

ІІІ орын Райс Н., Шымкент

ІІІ орын Койшыгулов Б., ЩҚО

81 келі:

І орын Адылбекуулы Э., Қырғызстан

ІІ орын Колесников А., Ресей

ІІІ орын Иxеев В., Ресей

ІІІ орын Туймебек К., Шымкент

91 келі:

І орын Тайбагар М., Жамбыл облысы

ІІ орын Чосоун А., Сирия

ІІІ орын Абдешов Д., Түркістан облысы

ІІІ орын Абдуллаев Ш., Өзбекстан

91+ келі:

І орын Турланбеков А., Жамбыл облысы

ІІ орын Нурсеитов Н., Шымкент

ІІІ орын Мулаес М., Сирия

ІІІ орын Аманжолов Н., Жамбыл облысы

Наверх