Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Жасөспірімдер Олимпиадасында үш отандасымыз финалға шықты

17 Қазан, 2018

 Талғат Шәйкен (64 келі), Айбек Оралбай (91 келі) мен Дамир Тойбай ( 91 келіден жоғары) 17 қазан күні ақтық кездесулерін өткізеді.

Аргентинадағы жартылай финалдық кездесулер нәтижесі бойынша 4 жерлесіміздің 3 финалға өтті. Надежда Рябец болса қола жүлде үшін бәсекеге түседі.

Дамир Тойбай канадалық Тетлу Чуолды жеңді. Енді ол ресейлік Алексей Дроновпен алтын алқа үшін жекпе-жекке шығады.

Азия чемпионы Талғат Шәйкен мароккалық Мұхаммед Булуджаны тізе бүктірді. Енді ол финалда ресейлік боксшы Илья Поповпен кездеседі.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Айбек Оралбай жартылай финалда пуэрторикалық  Элвин Каналесті ұтты. Жерлесіміз финалда Алжир елінің өкілі Мұхаммед Әмин Хасидпен тайталасады.

Өкінішке орай, Надежда Рябец жартылай финалда ресейлік Анастасия Шамоновадан 5:0 есебімен ұтылып қалды.

Енді ол қола медальға қол жеткізу үшін Ичрак Чаибпен (Алжир) былғары қолғап түйістіреді.

Кездесулер кестесі төмендегідей (Астана уақыты бойынша).

18 қазан күні сағат 00:00

Дамир Тойбай - Алексей Дронов (Ресей).

05:00

Айбек Оралбай - Мұхаммед Әмин Хасид (Алжир).

05:15

Надежда Рябец - Ичрак Чаиб (Алжир)

Фото: Сали Сабыров, ҰОК Баспасөз қызметі

Наверх