Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Аргентинадағы Олимпиадада боксшыларымыз ел қоржынын 3 медальмен толықтырды

18 Қазан, 2018

Айбек Оралбай (91 келі) финалда Алжир елінің өкілі Мұхаммед Әмин Хасидті тізе бүктіріп, алтыннан алқа тағынды.

Өкінішке орай, Дамир Тойбай (91 келіден жоғары салмақ)  ресейлік Алексей Дроновпен алтын алқа үшін жекпе-жекке шығып, өте сәтті өнер көрсеткенімен төрешілер шешімімен жеңіс қарсыластың еншісінде кетті. Біздің қоржынымызда күміс жүлде.

Надежда Рябец (75 келі) қола жүлде болған сайыста Ичрак Чаибтан айласын асырды.

Азия чемпионымыз Талғат Шәйкен финалда ресейлік боксшы Илья Поповпен 18 қазан күні Астана уақыты бойынша 23:15 кездеседі.

Финалдық кездесулерді төмендегі сілтеме арқылы көруге болады. https://www.olympicchannel.com/en/live/

Фото: Сали Сабыров, ҰОК Баспасөз қызметі

Наверх