Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Танымал боксшымыз марапатталды

11 Желтоксан, 2018

 Маңғыстаулық Берік Әбдірахманов спорттық мансабын аяқтауына байланысты ҚБФ атынан сый-құрметке ие болды

 "Қазақстандық бокс федерациясы" қауымдастығының вице-президенті Данияр Абылғазин Берік Әбдірахмановқа алғыс хат пен ақшалай сыйақы табыс етті.

Берік Есенұлы Әбідрахманов -  1986 жылы 20 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2016 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2010 жылғы ҚР Чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылы әскерилер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы, екі дүркін ел біріншілігінің чемпионы (2012 және 2017 жылдары), 2013 жылы Амман (Иордания) қаласында өткен Азия чемпионатының алтын алқа иегері, 2013 жылы Алматыда жалауын желбіреткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері,  "Президент Кубогы" IV халықаралық турнирінің жеңімпазы (2014 ж.),  2017 жылы Ахмат Қадыров атындағы IX халықаралық турнирде жеңіске жеткен.

 

Наверх