Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Бес отандасымыз Болгариядағы турнирде жартылай финалға шықты

18 Ақпан, 2019

Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» бокстан халықаралық турнирінің ширек финалдық кездесулері өз мәресіне жетті. Бес жерлесіміз тамаша өнер көрсетіп өздеріне кемінде қола жүлде қамтамасыз етіп отыр.

Олар – Теміртас Жүсіпов, Закир Сафиуллин, Санатәлі Төлтаев, Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит.

Айта кетейік, турнирдегі жарыс жолын осыған дейін Әнуар Мұзапаров, Қайрат Ерәлиев, Ерік Әлжанов, Бек Нұрмағанбет пен Қамшыбек Құнқабаев аяқтаған болатын.

Жартылай финалдық кездесулер қорытындысы:

Теміртас Жүсіпов (49 келі) – Леандро Хосе Бланко (Аргентина);

Зәкір Сафиуллин (60 келі) – Шункор Абдурассулов (Өзбекстан);

Санатәлі Толтаев (64 келі) – Андерсон Оливейре (Бразилия);

Абылайхан Жүсіпов (69 келі) – Евгений Барабанов (Украина);

Василий Левит (91 келі) – Абнер Джуниор (Бразилия).

 

 

 

 

 

Наверх