Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

02 Сәуір, 2019

 Түркістанда Сидней олимпиадасының жеңімпазы, даңқты бокшы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 18-ші халықаралық турнирі басталды. Байрақты бәсекеде бақ сынау үшін елімізден бөлек, 5 мемлекеттен 11 салмақ дәрежесі бойынша тәжірибелі спортшылар келді.

Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі турнир  биыл да өз деңгейінде өтіп жатыр. Былғары  қолғап шеберлерінің дүбірлі додасына  2001 және 2002 жылы туған жасөспірімдер  бақ сынауда.

Тұрсынғали ЕділовҚазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы

- Сидней Олимпиадаға апарған өзім. Білесіздер Бекзат ең жас спортшы  еді. Онда өте қиын болған. Қазақстанда оған дейін медаль болған жоқ. 1-ші болып алтын алған  алған Бекзат болатын.

 «Осыдан 19 жыл бұрын Қазақстанның көк туын Сидней төрінде желбіреткен  Ер Бекзат – бүгінгі жас спортшылардың мақтанышы». Осылай деген әріптестері жұлдыздай жарқ еткен боксшымен өткен  естеліктерінен сыр шертті.

Бақтияр АртаевАфины олипиадасының  жеңімпазы

Ермахан Ибрагимов –  Сидней олимпиадасының жеңімпазы

Қатысушылар жыл сайын артып келе жатқаны көз қуантады. Жоғары деңгейде өтіп жатыр. Сондықтан алдағы уақытта бұдан да жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймыз.

Бекзат көзі тірісінде 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132 –де жеңіске жеткен. Намысқой қазақ батырына арналған еске алу турнирін алдағы уақытта бұдан да жоғары дәрежеде өткізуді жоспарлап отыр.

 Сейілхан Саттарханов – Бекзат Саттархановтың әкесі

Мұндағы былғары қолғап шеберлері ел абыройын асқақтатып, чемпион болуды армандайды. Байрақты бәсекенің жеңімпаздары  4 сәуір анықталатын болады.

М.ӘСЕМБЕК

Дереккөзі: http://shymkenttv.kz/  

Наверх