Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Асланбек Шымбергенов: «Азия чемпионатында кез-келген жағдайға дайын болу керек»

15 Сәуір, 2019

Бокстан Қазақстан құрама командасы Азия чемпионаты қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынын өткізуде. Жаттығу жиыны Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығында ұйымдастырылған.

Азия чемпионатында 69 келіде сынға түсетін Асланбек Шымбергенов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, құрлық додасына қаншалықты дайын екенін айтты.

«Қазіргі кезде оқу-жаттығу жиынындамыз. Дайындық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Алда Азия чемпионаты мен әлем чемпионаты сынды өте маңызды турнирлер күтуде. Бүгінгі күні өзімнің дайындығымды 70 пайызға бағалаймын. Құрлық біріншілігінде 100 пайыз бабыма енетінім сөзсіз. Менің салмағымдағы қарсыластар өте мықты. Сондықтан, ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Кез-келген қарсылас пен кез-келген жағдайға дайын болуым керек. Жақсы бокс көрсетіп, алдағы уақытта Токио Олимпиадасына жолдама алғым келеді», - дейді Шымбергенов.

Еске сала кетейік, бокстан Азия чемпионаты 16-26 сәуір аралығында Тайландтың Бангкок қаласында өтеді. Қазақстан боксшылары 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Дереккөзі: www.olympic.kz/

Наверх