Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Әлем чемпионатында алғашқылар

15 Сәуір, 2014
  Қазақстан боксшылары жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, 5 медальға, оның ішінде 2 алтын, 2 күміс, 1 қола алды, сонымен бірге командалық есепте бірінші орынға ие болды. 
Әлем біріншілігінің финалында 49 кг салмақ категориясындағы, алғашқы жеңіске Өзбекстаннан келген Сулаймон Латиповты 3:0 есебімен жеңген Шалқар Айқынбай қол жеткізді. Біздің командамыздан екінші алтынды қанжығасына байлаған Румыниядан келген Арсен Мустафаны 3:0 есебімен жеңген, Абылайхан Жүсіпов (60 кг) болды.  
Күміс жүлде кубалық Джавиери Айбанезден жеңілген Сұлтан Зауырбектің (56 кг), шаршы алаңның қожайыны – болгарлық Благой Найденовтен  0:3 есебімен жеңілген Вадим Казаковқа бұйырды.  
Чемпионаттың әйелдер бағдарламасында жартылай финалда Арменияның спортшысы Ануш Григоряннан 0:3 есебімен жеңілген, Алуа Балқыбекова «қолаға» қол жеткізді.
Бүгін аяқталған, жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері тамыз айында Нанкинде (Қытай) өтетін, ІІ Жазғы жасөспірімдер олимпиадалық ойындарына қатысуға лицензия алды.    
Айта кетейік, Софияда өткен әлем чемпионатында 90 елден 522 спортшы қатысты.
 
Наверх