Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Берік Абдрахмановтың табысты бастамасы

25 Қазан, 2014

АРВ Халықаралық бокс ассоциациясының жаңа жобасындағы Берік Абдрахмановтың (60 кг) қатысуымен болған алғашқы айқас табысты өтті. Біздің спортшымыз Астанада ирландиялық Дэвид Джойсты басып озды.

Қазақстандықтың қатысуымен өтетін айқасқа дейін үш жарыс өтті, онда Азиада - 2014 финалисті Чарли Суарез (Филиппин) бес мәрте Әлем чемпионы Доменико Валентиноны (Италия) – 2:1 есебімен жеңсе, Хуршид Тожибаев (Өзбекстан) 2011 жылғы Еуропа чемпионы Дмитрий Полянскийді (Ресей) - 3:0 есебімен, ал 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Робсон Консесайо (Бразилия) Артур Брильді (Германия) - 3:0 есебімен жеңіп шықты.
 
Берік Абдрахманов айқасқа өте жақсы шығып, 2009 жылғы Еуропа чемпионын 2:0 есебімен (58:56, 58:56, 57:57). (58:56, 58:56, 57:57) жеңді.
 
Наверх