Казахстанская
федерация Боксаwww.kfb.kz

Новости

Бокстан Қазақстан чемпионаты қараша айында Шымкентте өтеді

22 октября, 2020

 "Қазақстан бокс федерациясы Шымкентті 2020 жылғы ел чемпионатын өткізетін қала ретінде таңдады. Ерлер мен әйелдер командалары бір уақытта өнер көрсететін Чемпионат 23-29 қараша аралығында өтеді. Шымкенттің республикалық жарыстарды ұйымдастыруда тәжірибесі мол, чемпионаттың сәтті өтетініне сенімдіміз", - деді Федерация президенті Кеңес Рақышев.

Шымкент 2017 жылы ерлер арасында ел чемпионатын өткізді; 2019 жылы бокстан V жазғы әйелдер спартакиадасын және жастар арасында ел чемпионатын өткізген болатын.

Бүгінгі күні коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның деректері бойынша Шымкент пен Түркістан облысы тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар "жасыл аймаққа" кіреді, ол аймақтарда жаңа инфекциямен сырқаттанушылықтың ең төмен көрсеткіші тіркелген.

"Біз Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің чемпионатты өткізуге рұқсатын алдық және барлық өңірлердің командаларын қабылдауға дайындалып жатырмыз. Бұл ерлер мен әйелдер командалары қатысатын алғашқы біріккен чемпионаты болады. Өкінішке орай, біз көрермендерді шақыра алмаймыз, бірақ олар барлық жекпе-жектерді көру мүмкіндігіне ие болады. Ал біздің федерация, әрине, командалардың да, жанкүйерлердің де риза болуы үшін жарысты жоғары деңгейде өткізуге барлық жағдайды жасайды", – деп хабарлады Шымкент бокс федерациясының атқарушы директоры Рахманбек Арғымбаев.

Чемпионаттың көрсетілімін Qazsport телеарнасы ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, командалардың барлық мүшелері жарыс басталар алдында COVID-19 вирусына тест нәтижелерін ұсынуға міндетті. Спортшылар мен жаттықтырушыларға қала бойынша қозғалысты "қонақ үй – спорт сарайы" бағытымен шектеуге ұсынылып отыр.

Ерлер мен әйелдер командалары осы жазда және күзде Алматы облысында бірнеше оқу жаттығу жиындарын өткізген.

"Спортшылар жақсы қалыпта, біз барлық санитарлық талаптарды сақтадық, ешкім ауырмады, барлығы жекпе-жектерге шығуға асығуда, сондықтан қазір бізге жарыстар қажет, - деді ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев. - Ерлер командасы екі оқу жаттығу жиынын өткізген, қорытынды жиын бір айға созылды, қазір барлығы облыстарда дайындалуда.

Карантинге қарамастан, боксшылар ештеңеден айрылған жоқ, командалар федерацияның жаңа президенті Кеңес Рақышевтің қамқорлығының арқасында уақытында қаржыландыру алды. Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Тимур Құлыбаевтың тапсырмасы бойынша спортшыларға жаңа спорттық формасы берілді. Бізге жетіспейтін жалғыз нәрсе - бәсекелестік рухы, нағыз жауынгерлік тәжірибе, онсыз спорттық шеберлік өспейді. Жарыста өздерін жақсы көрсететіндер ұлттық құрамаға түсіп, біздің елдің атынан шығатын болады.

Чемпионаттан кейін біз құраманы жаңартамыз, командаға жаңа боксшылар қосылатын болады. Желтоқсаннан бастап шетелге жиындар мен турнирлерге шығуға рұқсат етіледі деп үміттенемін".

 

Наверх