Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Сергей Ковалев қазақ боксшыларына қолғабын сыйға тартты

26 Наурыз, 2017

Қазақтың бірнеше боксшысы қазір Ковалевпен дайындық жұмыстарын өткізіп жатыр.

Жартылай ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (30-1-1, 26 KO) қазақ боксшыларына өзінің қолғабын сыйға тартты. Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі Профи Бокс Казахстана парақшасы хабарлайды. 



Сергей Ковалев қазіргі уақытта Лос-Анджелес қаласында Мадияр Әшкеев (7-0, 3КО), Мейірім Нұрсұлтанов (1-0) және Асхат Уалиханов (1-1, 1КО) секілді қазақ боксшыларымен бірге жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр.



Бүгін боксшылар өзінің Инстаграм парақшаларында ресейлік боксшы қолғап сыйлағаны туралы жазба қалдырды. 



"Біздің жақын досымыз. Мұндай бақын екінің біріне бұйыра бермейді. Қолғап үшін рақмет. Бұл қолғап бізге сәттілік пен жеңіл алып келеді", - деп Мадияр Әшкеев өзінің Инстаграмм парақшасында жазса, Асхат Уалиханов - "Қолғап үшін үлкен рақмет", - деп алғысын білдіріпті. 
 

kaz.vesti.kz

Наверх