Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Қанат Исламның кезекті қарсыласы рейтинг бойынша өзінен тоғыз саты жоғары тұр

19 Мамыр, 2017

Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді деп хабарлайды boxrec.com.

Аталған сайт Қанаттың мексикалық Норберто Гонсалеске  қарсы жекпе-жегінің деңгейін 3 жұлдызға бағалады. boxRec порталының  әлемдік рейтингінде Қанат бірінші орта салмақта 55 ұпаймен 55-орында тұрса, Гонсалес 59 ұпаймен 46-орында тұр. Ал бұл Қанаттың алғашқы 3 жұлдыз деңгейіндегі жекпе-жегі болмақ.

12 раундқа жоспарланған белдесудің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша NABO және WBA тұжырымының аймақтық Intercontinatal белбеуін қанжығасына байлайтын болады. Сондай-ақ, boxRec рейтингінде жоғарылайды.

Айта кетейік, бірінші орта салмақта 1 798 кәсіпқой боксшы өнер көрсетеді. Геннадий Головкинның қарсыласы Саул Альварес осы салмақтың әлемдік рейтингінен көш бастап тұр, оның еншісінде 1 358 ұпай бар.

Бокс кешін «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Наверх