Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Астанаға алты елдің боксшылары келе жатыр

22 Мамыр, 2018

Астанаға алты елдің боксшылары келе жатыр деп бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті.

«Мамырдың 23 күні Қазақстан ұлттық құрамасы Астанадағы бокс базасына жиналады. Біз онда АҚШ, Англия, Беларусь, Таиланд, Украина боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу өткіземіз. Сондай-ақ, Голландиядан боксшылар келе жатыр», – деп атап өтті Айтжанов.

«Осы біріккен оқу-жаттығу аяқтала сала маусымның 5-і мен 11-і аралығында елорда төрінде ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі Кубогы өтеді. Барлық құрама мүшелері осы додада сынға түседі. Ал біздің биылғы жылғы ең басты жарысымы – Жазғы Азиада ойындары болады», – деп атап өтті бас бапкер.

inform.kz

Наверх