Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Жастар құрамасы Түркістан облысында жаттығуда

15 Маусым, 2024

Қазақстан жастар құрамасы Түркістан облысында орналасқан “Алматау” спорт базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

9-23 маусым аралығындағы жиын - Шымкентте өтетін Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирге дайындық. 24-28 маусым күндері ұйымдастырылатын жарысқа жеті мемлекет қатысады деп күтілуде.

Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасымен бірге Гүржістан боксшылары да қатысуда. Сонымен қатар, бапкерлік кеңес Астанада өткен Азия чемпионатының қорытындысы бойынша кейбір салмақ дәрежелерінде өзгерістер енгізуді көздеуде. Сондықтан Шымкенттегі жарыста өнер көрсететін боксшылар жіті бақыланады, нәтижесінде күзде өтетін әлем чемпионатына жаңа құрам жасақталады.

Бапкерлердің айтуынша, жастар далада таспен жұмыс істейді, жаттығудың бұл түрі спортшының төзімділігін арттыруға бағытталған. Бұл жұмысты 14 күндік оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше рет өткізу жоспарланған. Басқа күндері боксшылар жаттығу залында және бокс залында шынығады. Айналмалы жаттығу өткізіп, тауға да шығады.

Наверх