Үндістанда әлем кубогінің ақтық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы 8 жүлде иеленді. Команда сапынан жалғыз алтын медальді 85 келідегі Сұлтанбек Айбарұлы еншіледі. Финалда ол өзбекстандық Жасурбек Юлдашевті 4:1 есебімен жеңді.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
20 November, 2025
33
Әлем кубогінің ақтық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы
16-20 қараша аралығында Үндістаның Ұлы Нойда қаласында әлем кубогінің ақтық кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, 13 қараша жолға шығады. WORLD BOXING тарапынан Қазақстан құрамасына 13 салмақ дәрежесінде қатысу мүмкіндігі берілді: 8 ер және 5 әйел.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
06 November, 2025
43
Қазақстан құрамасы Азия Ойындарында 10 медаль иеленді
Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азия Ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасының еншісінде 5 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль бар. Азия Ойындарының жеңімпаздары: 50 келі. Жұмағали Нұрмахан 54 келі. Досжан Жұмақан 66 келі. Даниял Шалқарбай 66 келі. Аяулым Оспанова 75 келі. Камила Оспанова Күміс жүлдегерлер: 46 келі. Арман Мырсабит +80 келі. Елнура Қоңырат +80 келі. Рүстембек Мұхамедәлі Қола жүлде иегерлері: 54 келі. Рамина Маханова 75 келі. Санжар Матасов
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
30 October, 2025
40
Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті
Семейде ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Біріншілік нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар тізімін ұсынамыз.
Ерлер арасындағы үздік боксшы - Сабыржан Аққалықов Әйелдер арасындағы үздік боксшы - Жазира Орақбаева
Топ-3 команда: І. Түркістан облысы ІІ. Алматы қаласы ІІІ. Шымкент қаласы
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
22 October, 2025
84
Семейде Қазақстан чемпионаты басталады
14-21 қазан Семей қаласындағы «Abai Arena» спорт кешенінде бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Біріншілікке 20 аймақтан 371 боксшы қатысады: 246 ер және 125 әйел. 14 қазан жарыстың жеребесі тартылады, ал ашылу салтанаты 15 қазанға жоспарланған. Ақтық жекпе жектер 21 қазан күні өтеді. Айта кететін жәйт, Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2026 жылға Ұлттық құрама мүшелері іріктеледі. Салмақ дәрежелері: Ерлер 50 келі, 55 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 85 келі, 90 келі, +90 келі. Әйелдер 48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, + 80 келі. Қазақстан чемпионаты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасында көрсетіледі.
Жарыстың басталуы: 15 қазан 13:00 Финал: 21 қазан 12:00 Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
13 October, 2025
93
Астана қаласының командасы Қазақстан бокс федерациясы Кубогінің жартылай финалына өтті
Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогі аясында В тобының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз-қызметі. Елордадағы бәсекеде шаршы алаң қожайыны үздік шықты. Командалық сайыстағы көрсеткіш төмендегідей: Астана қаласы - 4 Қостанай облысы - 2 Павлодар облысы - 2 Ақмола облысы - 2 СҚО - 0 Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін А тобында Шымкент қаласы, С тобында Қарағанды облысы іріктеліп шыққан еді. Алда D тобындағы жарыc 3-9 қараша Ақтау қаласында өтеді. Ал, жартылай финал мен ақтық сын 12-14 желтоқсан Астанада ұйымдастырылады. Қазақстан бокс федерациясы кубогінің жүлде қоры - 150 000 АҚШ доллары. Жоба өңірлердегі боксты дамытуға бағытталған. Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
04 October, 2025
84
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Абдрахмановтың кездесуі өтті.
Алматы әрқашан да нағыз чемпиондар ұстаханасы болып келген және солай болып қала береді. Бұған дәлел – Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында алматылық боксшылардың жоғары нәтижесі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 145 бокс секциясы жұмыс істейді, онда жүйелі түрде 3391 спортшы жаттығады – бұл еліміз бойынша спортпен шұғылданушылардың 2,2% құрайды.
Қалада білікті 90 бапкер бар, бұл Қазақстандағы барлық бапкерлердің 3,9%. Қазақстанның ұлттық бокс құрамасында бүгінде 595 спортшы бар, олардың ішінде ең көп көрсеткіш Алматыға тиесілі – 80 боксшы (13,4%).
Кездесудің нәтижесінде қала әкімі Алматыда бокс клубын ашу бастамасын қолдады. Бұл спорттың одан әрі дамуына және жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болмақ.
30 September, 2025
57
Қарағанды облысының командасы ҚФБ кубогінің жартылай финалына жолдама иеленді
Семей қаласында Қазақстан бокс федерациясының Кубогі аясында С тобындағы ширек финал өз мәресіне жетті
Бес күндік жарыс нәтижесінде Қарағанды облысы үздік шықты. Енді қарағандылық боксшылар 12-14 желтоқсан Астанадағы шешуші кезеңге қатысады.
Семейдегі командалық кездесулер қорытындысы: 1. Қарағанды облысы - 4 жеңіс 2. Жетісу облысы - 3 жеңіс 3. Абай облысы - 2 жеңіс 4. Ұлытау облысы - 1 жеңіс 5. ШҚО - 0 жеңіс
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
27 September, 2025
43
Шымкент қаласының командасы Қазақстан бокс федерациясының алғашқы жартылай финалисі атанды
Тараз қаласында Қазақстан бокс федерациясының Кубогі аясында А тобындағы ширек финал аяқталды.
Бес күнге жалғасқан командалық сайыста Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларының құрамалары жартылай финалға жолдаманы сарапқа салды.
Бүгін, 27 қыркүйектегі шешуші кездесуде Шымкент қаласының боксшылары Жамбыл облысының командасын 8:7 есебімен жеңіп, енді 12-14 желтоқсан Астанада өтетін жартылай финалға қатысады.