Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Абдрахманов және бас хатшысы Мерей Ақшалов 17 желтоқсан күні Жезқазған қаласында бірнеше маңызды іс-шараға қатысты.
Аймақтың бокс мамандарымен жиын өткізіліп, Ұлытау облысы бокс федерациясының жаңа президенті сайланды. Бұл лауазымға кәсіпкер, меценат Қуаныш Байбатыров тағайындалды. Ұлытау өңірінде үш жыл бойы боксты дамытуға үлес қосқан Бөлтірік Дәурен Амангелдіұлына алғыс білдірді.
Федерация басшылығы Ұлытау облысы әкімдігі мен Қазақмыс корпорациясының ынтымақтастығы аясында салынған “Жігер” спорттық-сауықтыру кешенімен танысты.
Сонымен қатар, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің қабылдауында болып, өңірдегі бокс мәселелерін өзара талқылады.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
18 December, 2025
55
Шымкент қаласы - Қазақстан бокс федерациясы кубогінің жеңімпазы
Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясының кубогі өз мәресіне жетті. Финалда Шымкент командасы Астана қаласының боксшыларынан 9:6 жалпы есебімен жеңіп, кубок иегері атанды.
Аймақтардағы боксты дамытуға бағытталған жоба біраз жыл үзілістен кейін қайта жаңғыртылған еді. Жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайтын жарыс нәтижесінде үздіктер төмендегідей:
1 орын. Шымкент қаласы - 80 000 АҚШ доллары және арнайы ауыспалы кубок
2 орын. Астана қаласы - 40 000 АҚШ доллары
3 орын. Қарағанды облысы - 20 000 АҚШ доллары
4 орын. Маңғыстау облысы - 10 000 АҚШ доллары
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
14 December, 2025
54
Бибосынов, Асылқұлов және Жүсіпов әлем чемпионы атанды
Дубайда (БАӘ) ерлер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Біріншілік нәтижесінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде еншіледі. Осылайша командалық есепте Қазақстан командасы екінші орында. Ресей көш бастап, Өзбекстан құрамасы үздіктер үштігін түйіндеді.
54 келіде ресейлік Вячеслав Рогозинмен кездескен Сәкен Бибосынов 5:2 есебімен жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. 57 келіде Оразбек Асылқұлов тәжік Хусравхон Рахимовтан басым түсіп, үздік шықты. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Ресей боксшысы Сергей Колденковтан 4:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. 75 келіде Сабыржан Аққалықов ресейлік Исмаил Муцольговқа 0:5 есебімен жол беріп, күміс жүлде иеленді.
Сонымен қаттар, 48 келіде Теміртас Жүсіпов және 63.5. келіде Ертуған Зейнулинов аталмыш біріншіліктің қола жүлдегері атанды.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
13 December, 2025
34
Қазақстан бокс федерациясы кубогінің финалистері анықталды
Қазақстан бокс федерациясы кубогінің финалына Шымкент және Астана қаласының командалары өтті.
Бүгін Астанада басталған командалық жарыстың жартылай финалдық кездесулері өз мәресіне жетті. Алғашқы кездесуде Шымкент командасы 9:6 есебімен Қарағанды облысынан басым түсті. Кешкі сессияда Маңғыстау облысымен күш байқасқан Астана қаласының ұжымы 8:7 есебімен жеңіске жетті.
Ертең, 14 желтоқсан Шымкент және Астана қаласының командалары бас жүлдені сарапқа салады. Ал, Қарағанды және Маңғыстау облысы үшінші орын үшін жекпе жекке шығады.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
13 December, 2025
32
Таразда Қазақстан чемпионаты аяқталды
Таразда 2008-2009 жылы туған қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Біріншілік нәтижесінде өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшылар: 48. Мадира Жұмахан, Жетісу обл 51. Жадыра Қалтай, Шымкент 54. Жанель Имантаева, Абай обл 57. Ақнұр Тұрсынғали, Абай обл 60. Алина Құдайгенова, Қарағанды обл 65. Айсұлу Мұхит, Түркістан обл 70. Камила Оспанова, Қарағанды обл 75. Зарина Толыбай, Қызылорда обл. 80. Айдана Убайдуллақызы, Қарағанды обл. +80. Сабина Жақсылық, Алматы обл
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
03 December, 2025
26
2010-2011 ж.т. қыздар арасындағы ел чемпиондары анықталды
Таразда 2010-2011 жылы туған қыздар арасынлдағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Біріншілік нәтижесінде өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшылар: 46. Милана Ишина, Алматы 48. Шұғыла Жарас, Түркістан облысы 50. Хатшепсут Садвакасова, Павлодар обл 52. Лашын Дәулетжан, Алматы обл. 54. Гүлбану Бекмұрат, Астана 57. Разалия Вайдеман, Жамбыл обл. 60. Балым Ғабитқызы, Ұлытау обл. 63. Алина Кожевникова, Алматы 66. Аяулым Оспанова, Қарағанды обл. 70. Айлин Ходжамбердиева, Алматы 75. Диана Нәдірбек, Алматы обл. 80. Виктория Захарченко, Қостанай обл. +80. Елнура Қоңырат, Жамбыл обл
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
03 December, 2025
23
WORLD BOXING әлемдік рейтингі жаңартылды
WORLD BOXING ұйымы ерлер және әйелдер боксынан әлемдік рейтингті жаңартты. Жарияланған тізім бойынша Қазақстан боксшылары 20 салмақтың екеуінде ғана жоқ. Назым Қызайбай (48 келі) және Алуа Балқыбекова (51 келі) өз салмақтарында екінші орында. Ал, Аида Әбікеева (65 келі) мен Наталья Богданова (70 келі) бұл санаттарда көш бастап тұр. Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және аса ауыр салмақта Айбек Оралбай бірінші орында. Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
02 December, 2025
20
Әлем чемпионатына құрам анықталды
Қазақстан ерлер командасы Ташкент қаласындағы бірлескен оқу-жиынын қорытындылап, санаулы күнде Дубай шаһарына аттанады.
3-13 желтоқсан аралығында өтетін әлем чемпионатына бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен құрам жасақталды.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
28 November, 2025
22
Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады
Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. – Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген жарқын жеңіске толы. Оған күш-қуат, рух, табандылық, ішкі тәртіп секілді қасиеттеріңіз арқылы жеттіңіз. Бұл елімізде ғана емес, шет мемлекеттердегі миллиондаған жастың жігерін жаниды. Есіміңіз әлемдік бокс тарихына алтын әріппен жазылғанына еш күмән жоқ, – деді Президент.
Мемлекет басшысы танымал спортшының Ұлттық олимпиада комитетіндегі қызметіне жоғары баға берді. – Сіздің басқару саласындағы жетістіктеріңізді айрықша атап өткім келеді. Спорттағы еңбегіңізді ескере отырып, Сізді Ұлттық олимпиада комитеті президенттігіне үміткер ретінде ұсындым. Ұлттық спорт федерацияларының барлығымен байланыс орнатып, аз уақытта көп іс тындырғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Халықаралық Олимпиада комитетімен ынтымақтастықты жолға қойдыңыз, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинге World Boxing халықаралық федерациясының президенті ретінде көптеген мәселенің шешімін табуы қажет екенін айтты. – Бүгінде спорттық мансабыңыздағы жаңа кезеңге аяқ бастыңыз. World Boxing федерациясының президенті болып сайландыңыз. Жұмыс енді ғана басталды. Алдыңызда атқаратын қыруар шаруа тұр. Сондай-ақ Сіздің жаһандық деңгейдегі спорттық құрылымды басқарып отырған алғашқы қазақстандық екеніңізді айта кету керек. Кәсіби біліктілігіңіз ұйымды жаңа белеске көтеріп, бокс көкжиегін кеңейтетініне сенімдімін, – деді Президент.
Мемлекет басшысы отандық спортты дамытуға сіңірген елеулі еңбегі үшін Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Геннадий Головкин еңбегін жоғары бағалағаны, сенім артып, қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ боксты одан әрі дамытуға, осы спорт түрінің еліміздегі және халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Үндістанда әлем кубогінің ақтық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы 8 жүлде иеленді. Команда сапынан жалғыз алтын медальді 85 келідегі Сұлтанбек Айбарұлы еншіледі. Финалда ол өзбекстандық Жасурбек Юлдашевті 4:1 есебімен жеңді.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
20 November, 2025
33
Әлем кубогінің ақтық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы
16-20 қараша аралығында Үндістаның Ұлы Нойда қаласында әлем кубогінің ақтық кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, 13 қараша жолға шығады. WORLD BOXING тарапынан Қазақстан құрамасына 13 салмақ дәрежесінде қатысу мүмкіндігі берілді: 8 ер және 5 әйел.