МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

Қазақстан бокс федерациясы - жыл үздігі

Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі “Үздік-2025” марапаттау рәсімі өтті.
Бірнеше номинацияда Отандық бокс өкілдері үздік атанды. Соның ішінде, екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова үздік спортшы, оның жеке жаттықтырушысы Долкужан Камеков үздік бапкер деп танылды.

Қазақстан бокс федерациясы жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы атанды.

Жоба серіктесі - “Sport Qory” туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

 

25 декабря, 2025
36

ҚБФ мамандары біліктілік арттыру курсына қатысты

Қазақстан бокс федерациясының мамандары: халықаралық қатынастар жөніндегі менеджер Санжар Есенғазы және төрешілер алқасының төрағасы Дінмұхамед Абайханұлы Берлинде (Германия) біліктілігін арттырды.

European boxing ұйымдастыруымен өткен төрт күндік курс барысында техникалық делегаттың міндеті және рөлі, турнирдің техникалық өкілдерімен қарым-қатынасы және тағы басқа тақырыптар қозғалды.

Сонымен қатар, сертификаттау мәселесі және жеребе тарту жүйесін меңгеруге ден қойылды.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

19 декабря, 2025
38

Ұлытау облысына іс-сапар

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Абдрахманов және бас хатшысы Мерей Ақшалов 17 желтоқсан күні Жезқазған қаласында бірнеше маңызды іс-шараға қатысты.

Аймақтың бокс мамандарымен жиын өткізіліп, Ұлытау облысы бокс федерациясының жаңа президенті сайланды. Бұл лауазымға кәсіпкер, меценат Қуаныш Байбатыров тағайындалды. Ұлытау өңірінде үш жыл бойы боксты дамытуға үлес қосқан Бөлтірік Дәурен Амангелдіұлына алғыс білдірді.

Федерация басшылығы Ұлытау облысы әкімдігі мен Қазақмыс корпорациясының ынтымақтастығы аясында салынған “Жігер” спорттық-сауықтыру кешенімен танысты. 

Сонымен қатар, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің қабылдауында болып, өңірдегі бокс мәселелерін өзара талқылады.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

18 декабря, 2025
55

Шымкент қаласы - Қазақстан бокс федерациясы кубогінің жеңімпазы

Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясының кубогі өз мәресіне жетті. Финалда Шымкент командасы Астана қаласының боксшыларынан 9:6 жалпы есебімен жеңіп, кубок иегері атанды. 

Аймақтардағы боксты дамытуға бағытталған жоба біраз жыл үзілістен кейін қайта жаңғыртылған еді. Жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайтын жарыс нәтижесінде үздіктер төмендегідей:

1 орын. Шымкент қаласы - 80 000 АҚШ доллары және арнайы ауыспалы кубок

2 орын. Астана қаласы - 40 000 АҚШ доллары

3 орын. Қарағанды облысы - 20 000 АҚШ доллары

4 орын. Маңғыстау облысы - 10 000 АҚШ доллары

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

14 декабря, 2025
54

Бибосынов, Асылқұлов және Жүсіпов әлем чемпионы атанды

Дубайда (БАӘ) ерлер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Біріншілік нәтижесінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде еншіледі. Осылайша командалық есепте Қазақстан командасы екінші орында. Ресей көш бастап, Өзбекстан құрамасы үздіктер үштігін түйіндеді.

54 келіде ресейлік Вячеслав Рогозинмен кездескен Сәкен Бибосынов 5:2 есебімен жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. 57 келіде Оразбек Асылқұлов тәжік Хусравхон Рахимовтан басым түсіп, үздік шықты. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Ресей боксшысы Сергей Колденковтан 4:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. 75 келіде Сабыржан Аққалықов ресейлік Исмаил Муцольговқа 0:5 есебімен жол беріп, күміс жүлде иеленді.

Сонымен қаттар, 48 келіде Теміртас Жүсіпов және 63.5. келіде Ертуған Зейнулинов аталмыш біріншіліктің қола жүлдегері атанды.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

13 декабря, 2025
34

Қазақстан бокс федерациясы кубогінің финалистері анықталды

Қазақстан бокс федерациясы кубогінің финалына Шымкент және Астана қаласының командалары өтті.

Бүгін Астанада басталған командалық жарыстың жартылай финалдық кездесулері өз мәресіне жетті. Алғашқы кездесуде Шымкент командасы 9:6 есебімен Қарағанды облысынан басым түсті. 
Кешкі сессияда Маңғыстау облысымен күш байқасқан Астана қаласының ұжымы 8:7 есебімен жеңіске жетті.  

Ертең, 14 желтоқсан Шымкент және Астана қаласының командалары бас жүлдені сарапқа салады. Ал, Қарағанды және Маңғыстау облысы үшінші орын үшін жекпе жекке шығады.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

13 декабря, 2025
32

Таразда Қазақстан чемпионаты аяқталды

Таразда 2008-2009 жылы туған қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Біріншілік нәтижесінде өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшылар:
48. Мадира Жұмахан, Жетісу обл 51. Жадыра Қалтай, Шымкент
54. Жанель Имантаева, Абай обл 57. Ақнұр Тұрсынғали, Абай обл
60. Алина Құдайгенова, Қарағанды обл 65. Айсұлу Мұхит, Түркістан обл
70. Камила Оспанова, Қарағанды обл 75. Зарина Толыбай, Қызылорда обл. 
80. Айдана Убайдуллақызы, Қарағанды обл. +80. Сабина Жақсылық, Алматы обл

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

03 декабря, 2025
26

2010-2011 ж.т. қыздар арасындағы ел чемпиондары анықталды

Таразда 2010-2011 жылы туған қыздар арасынлдағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Біріншілік нәтижесінде өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшылар:
46. Милана Ишина, Алматы 48. Шұғыла Жарас, Түркістан облысы
50. Хатшепсут Садвакасова, Павлодар обл 52. Лашын Дәулетжан, Алматы обл.
54. Гүлбану Бекмұрат, Астана 57. Разалия Вайдеман, Жамбыл обл.
60. Балым Ғабитқызы, Ұлытау обл. 63. Алина Кожевникова, Алматы
66. Аяулым Оспанова, Қарағанды обл. 70. Айлин Ходжамбердиева, Алматы
75. Диана Нәдірбек, Алматы обл. 80. Виктория Захарченко, Қостанай обл.
+80. Елнура Қоңырат, Жамбыл обл

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

03 декабря, 2025
23

WORLD BOXING әлемдік рейтингі жаңартылды

WORLD BOXING ұйымы ерлер және әйелдер боксынан әлемдік рейтингті жаңартты. Жарияланған тізім бойынша Қазақстан боксшылары 20 салмақтың екеуінде ғана жоқ.
Назым Қызайбай (48 келі) және Алуа Балқыбекова (51 келі) өз салмақтарында екінші орында. Ал, Аида Әбікеева (65 келі) мен Наталья Богданова (70 келі) бұл санаттарда көш бастап тұр.
Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және аса ауыр салмақта Айбек Оралбай бірінші орында. 
Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

02 декабря, 2025
20

Әлем чемпионатына құрам анықталды

Қазақстан ерлер командасы Ташкент қаласындағы бірлескен оқу-жиынын қорытындылап, санаулы күнде Дубай шаһарына аттанады.

3-13 желтоқсан аралығында өтетін әлем чемпионатына бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен құрам жасақталды.

48 келі. Теміртас Жүсіпов
51 келі. Даниял Сәбит
54 келі. Сәкен Бибосынов
57 келі. Оразбек Асылқұлов
60 келі. Серік Теміржанов
63.5 келі. Ертуған Зейнулинов
67 келі. Санатәлі Төлтаев
71 келі. Абылайхан Жүсіпов
75 келі. Сабыржан Аққалықов
81 келі. Ерасыл Жақпеков
86 келі. Дәулет Төлемісов
92 келі. Нурмагамед Юсупов
+92 келі. Нұрлан Сапарбай

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

28 ноября, 2025
22

Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады.
– Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген жарқын жеңіске толы. Оған күш-қуат, рух, табандылық, ішкі тәртіп секілді қасиеттеріңіз арқылы жеттіңіз. Бұл елімізде ғана емес, шет мемлекеттердегі миллиондаған жастың жігерін жаниды. Есіміңіз әлемдік бокс тарихына алтын әріппен жазылғанына еш күмән жоқ, – деді Президент.

Мемлекет басшысы танымал спортшының Ұлттық олимпиада комитетіндегі қызметіне жоғары баға берді.
– Сіздің басқару саласындағы жетістіктеріңізді айрықша атап өткім келеді. Спорттағы еңбегіңізді ескере отырып, Сізді Ұлттық олимпиада комитеті президенттігіне үміткер ретінде ұсындым. Ұлттық спорт федерацияларының барлығымен байланыс орнатып, аз уақытта көп іс тындырғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Халықаралық Олимпиада комитетімен ынтымақтастықты жолға қойдыңыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинге World Boxing халықаралық федерациясының президенті ретінде көптеген мәселенің шешімін табуы қажет екенін айтты.
– Бүгінде спорттық мансабыңыздағы жаңа кезеңге аяқ бастыңыз. World Boxing федерациясының президенті болып сайландыңыз. Жұмыс енді ғана басталды. Алдыңызда атқаратын қыруар шаруа тұр. Сондай-ақ Сіздің жаһандық деңгейдегі спорттық құрылымды басқарып отырған алғашқы қазақстандық екеніңізді айта кету керек. Кәсіби біліктілігіңіз ұйымды жаңа белеске көтеріп, бокс көкжиегін кеңейтетініне сенімдімін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы отандық спортты дамытуға сіңірген елеулі еңбегі үшін Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Геннадий Головкин еңбегін жоғары бағалағаны, сенім артып, қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ боксты одан әрі дамытуға, осы спорт түрінің еліміздегі және халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға дайын екенін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi

25 ноября, 2025
36