Шахмұрат Мүтәліп «Ордабасы» футбол клубының инвесторы атанды

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды. Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, Дархан Қызайбаев «Ордабасы» футбол клубының президенті атанды. Айта кетерлік жәйт, Шахмұрат Мүтәліп пен Дархан Қызайбаев Қазақстан бокс федерациясының басшылық қызметін де әрі қарай жалғастырады.













