Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтіп жатыр

15–20 ақпан күндері Алматы «Олимпиадалық даярлау орталығы» Жекпе-жек кешенінде 2008–2009 жылы туған жастар (қыздар) және 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер (қыздар) арасында бокстан VIII халықаралық турнир өтіп жатыр.
Сегізінші мәрте ұйымдастырылып жатқан халықаралық турнирге Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан және Қазақстанның түрлі облыстарынан 230 жас спортшы тіркелді.
Дәстүрлі жарыс 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Сағиұлы Ибраимов жүлдесіне арналады.













