Астанада аймақтық бокс федерациялары есеп берді

16-19 ақпан күндері аралығында Қазақстан бокс федерациясының кеңсесінде еліміздегі 17 облыс және 3 мегаполистің өкілдері жұмыс жиынына қатысты.
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Үкібайұлы мен бас хатшы Мерей Төлегенұлының жетекшілігімен 2025 жылдың қорытындысы жасалып, өңірдегі бокстың жағдайы талқыланды. Сондай-ақ 2026 жылдың жарыс жоспары қаралып, спортшылардың бәсекелерге толыққанды дайын болуы, өңірлердегі сапаны арттыру мақсатында өзара оқу-жаттығу жиындары, жолдастық кездесулер ұйымдастырылу жайлы сөз қозғалды.
Айта кетейік, 2026 жылы отандық боксшыларымызды төрт жылда бір мәрте өтетін XX жазғы Азия ойындары, жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада және т.б ірі додалар күтіп тұр.













