WE ARE ON SOCIAL MEDIA

Азия чемпионатының алдындағы сынақ: боксшыларымыз «Странджа» турниріне қатысады

Бокстан 23 ақпан – 2 наурыз күндері аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде ұлттық құраманың 39 cпортшысы бақ сынайды.

Қандай маңыздылығы бар?

Ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов «Boxam» (Испания), «Странджа» (Болгария) халықаралық турнирі мен екі оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша, Моңғолияда өтетін Азия чемпионатының (28 наурыз – 11 cәуір) тізімін жасақтайды.

Қандай елдер қатысады?

Турнирге 36 елден 300-ден аса спортшы тіркелген. Олардың арасында жарыс қожайыны Болгариядан бөлек, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан Қытай Тайпейі және т.б мемлекеттер бар.

Бұл турнир жайлы не білеміз?

- Ең алғаш 1994 жылы Қазақстан құрамасы бақ сынап, 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған.
- Дәл қазіргі сәтте бұл турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншілегенбіз. 
- Елімізден 2005 жылы Серік Сәпиев 60 келі салмақта алғашқы чемпион ретінде тіркелген.

Осы турнирден не күтеміз?

- Әйелдер арасында Валентина Хальзова Странджа турнирін 2 мәрте жеңген. Ал ерлер арасында Ертуған Зейнуллинов 2 рет қатарынан чемпион атануға мүмкіндігі бар.

- 2025 жылы Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеп, 6 алтын жүлдемен жалпы есепте бірінші орын алған болатын.

Кімдер қатысады?

Ерлер

50 келі: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров
55 келі: Тимур Қабдешов, Бағлан Кенжебек
60 келі: Бейбарыс Жексен, Руслан Күзеубаев
65 келі: Ертуған Зейнуллинов, Әбдікәрім Әбдіғалым, Илья Калинин
70 келі: Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
80 келі: Санжар-Али Бегалиев, Диас Молжігітов
85 келі: Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, Дәулет Төлемісов
90 келі: Нурмагамед Юсупов
+90 келі: Нұрлан Сапарбай, Даниал Сапарбай

Әйелдер

48 келі: Айгерім Сәттібаева, Анель Құдайберген
51 келі: Жазира Орақбаева, Анита Адишева
54 келі: Элина Базарова, Жайна Шекербекова, АнельСақыш
57 келі: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова
60 келі: Виктория Графеева, Римма Волосенко
65 келі: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева
70 келі: Бақыт Сейдіш, Мадина Нұршаева
75 келі: Валентина Хальзова, Мария Сидоренко
80 келі: Надежда Рябец
+80 келі: Дина Исламбекова, Валерия Аксенова

20 February, 2026
8

Астанада аймақтық бокс федерациялары есеп берді

16-19 ақпан күндері аралығында Қазақстан бокс федерациясының кеңсесінде еліміздегі 17 облыс және 3 мегаполистің өкілдері жұмыс жиынына қатысты.

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Үкібайұлы мен бас хатшы Мерей Төлегенұлының жетекшілігімен 2025 жылдың қорытындысы жасалып, өңірдегі бокстың жағдайы талқыланды. Сондай-ақ 2026 жылдың жарыс жоспары қаралып, спортшылардың бәсекелерге толыққанды дайын болуы, өңірлердегі сапаны арттыру мақсатында өзара оқу-жаттығу жиындары, жолдастық кездесулер ұйымдастырылу жайлы сөз қозғалды.

Айта кетейік, 2026 жылы отандық боксшыларымызды төрт жылда бір мәрте өтетін XX жазғы Азия ойындары, жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада және т.б ірі додалар күтіп тұр.

20 February, 2026
7

Қазақстандық боксшылар Dracula Open турнирінде ел намысын қорғайды

Румынияның Плоешти қаласында U15, U17 және U19 жас санаттары бойынша Dracula Open бокстан халықаралық турнирі өтіп жатыр.

16-21 ақпан аралығында өтетін жарысқа 18 елден (Қазақстан, Румыния, Италия, Өзбекстан, Украина, Молдова, Аустрия, Кувейт, Израиль, Польша, Венгрия, Латвия, Бельгия, Словакия, Болгария, Бразилия, Грекия және Сербия) жалпы 470 боксшы қатысуға ниет білдірген.

Бүгінгі жарыс бағдарламасында Қазақстан атынан 23 боксшы өнер көрсетеді.

Жекпе-жектер Астана уақытымен кешкі 17:00 және 19:30-ға жоспарланған.

https://youtube.com/@federatiaromanadebox?si=YdEsZrX0hKBlh-ic

Айта кетейік, биыл U19 жас санатында «Болашақ Кубогы» (Таиланд) мен әлем чемпионаты өтеді. Ал жасөспірімдер төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын жазғы Олимпиада ойындарына (Сенегал) қатысады.

19 February, 2026
14

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың турнирі неге қыздардың арасында ғана өтеді?

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі болған Ермахан Ибраимовтың атындағы халықаралық турнир биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы орайда атақты боксшы турнирдің ерекшелігі мен болашағы туралы ойымен бөлісті.

– Олимпиада чемпиондары арасынан Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев және өз атыңыздағы турнирлер өтіп жүр. Мұндай жарысты ұйымдастыру идеясы қалай туды?

  • Тәуелсіз Қазақстан болғалы елімізде жарыстардың өтуі тоқтаған емес. Бізге дейін де Серік Қонақбаев, Әбдісалан Нұрмаханов, Виктор Демьяненконың атындағы жарыстар ұйымдастырылатын. Менің немесе өзге де боксшылардың турнирді өткізудегі мақсаты – туған өлкесіндегі спорттың дамуына атсалысу. Менің алғашқы бәсекем Ақтөбе қаласында басталған еді. Одан кейін Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында жалғасты. Артынша Алматы қаласына көштім.

 

Сіздің турнирдің басты ерекшелігі - тек қыздар арасында ғана жүлде сарапқа салынады. Неге бұл бағытты таңдадыңыз?

 

  • Бастапқыда менің жарысымда тек ұлдар ғана жұдырықтасатын. 2016 жылы қазіргі әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин маған елімізде жасөспірім және жастар санатындағы қыздар арасында бірде-бір халықаралық жарыс өтпейтіндігін айтты. Оның үстіне қазір Олимпиадада да әйелдердің салмағы уақыт өткен сайын артып жатты. Осыны ескере келе, қыздар боксының дамуына өз үлесімді қосуды жөн көрдім. Кейінгі сегіз жылда бұл бәсекеде Елдана Талипова, Бақыт Сейдіш секілді спортшылар, сондай-ақ Өзбекстаннан Олимпиада ойындарына қатысқан боксшылар жүлде үшін бақ сынады.

 

Турнирге Қытай, Үндістан, Моңғолия секілді елдердің қатысуына қандай факторлар әсер етеді? 

 

  • Ұлттық құраманың аға жаттықтырушылары өзге елдердің бапкерлерімен тұрақты байланыста болып, жарыстар туралы алдын ала хабарлап отырады. Соның нәтижесінде кей мемлекеттер тәжірибе жинау мақсатында турнирімізге қатысуға ниет білдіреді. Биыл Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен спортшылар келді. Бұған дейін Ресей мен Түркия да қатысқан болатын. Алдағы мақсатым - қатысушы елдердің санын 10–15-ке жеткізіп, турнирді «кіші әлем чемпионаты» деңгейіне дейін көтеру.

 

Турнирді алдағы уақытта қалай дамытуды жоспарлап отырсыз?

 

  •  Кейінгі жылдары Алматы облысында бірқатар маңызды өзгерістер жасалып жатыр. Оған Қапшағай қаласының Қонаев деп өзгертілуі, Alatau City жаңа қаласының жобасын айтуға болады. Егер алдағы уақытта ірі спорттық кешендер салынса, турнирді Қонаев қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз. Ең басты арманым - Ермахан Ибраимовтың атындағы халықаралық турнир Алматы облысының спорттық имиджін қалыптастыратын, беделді додаға айналуы.

19 February, 2026
16

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтіп жатыр

15–20 ақпан күндері Алматы «Олимпиадалық даярлау орталығы» Жекпе-жек кешенінде 2008–2009 жылы туған жастар (қыздар) және 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер (қыздар) арасында бокстан VIII халықаралық турнир өтіп жатыр.

Сегізінші мәрте ұйымдастырылып жатқан халықаралық турнирге Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан және Қазақстанның түрлі облыстарынан 230 жас спортшы тіркелді.

Дәстүрлі жарыс 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Сағиұлы Ибраимов жүлдесіне арналады.

18 February, 2026
11

Шахмұрат Мүтәліп «Ордабасы» футбол клубының инвесторы атанды

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды. Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, Дархан Қызайбаев «Ордабасы» футбол клубының президенті атанды. Айта кетерлік жәйт, Шахмұрат Мүтәліп пен Дархан Қызайбаев Қазақстан бокс федерациясының басшылық қызметін де әрі қарай жалғастырады.

17 February, 2026
10

Қазақстан бокс федерациясының кеңсесінде аймақтық бокс федерацияларының өкілдерімен кездесулер легі басталды

ҚБФ вице-президенті Болат Абдрахманов және бас хатшысы Мерей Ақшалов 4 күн бойы аймақтардағы жағдаймен тереңірек танысады. Жиында облыс пен қалалардағы бокстың дамуы бойынша есеп беріледі және маңызды мәселелер талқыланады.

16 ақпан. Түркістан облысы, Алматы облысы, Шымкент және Алматы қаласы, Жамбыл облысы.

17 ақпан. СҚО, Павлодар облысы, Қостанай облысы, Ақмола облысы және Астана қаласы.

18 ақпан. ШҚО, Ұлытау, Жетісу, Абай және Қарағанды облысы.

19 ақпан. БҚО, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облысы.

16 February, 2026
5

Қазақстан бокс федерациясы Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы алтын медалімен құттықтайды

Араға 32 жыл салып, еліміздің Әнұраны қысқы Олимпиадада қайта шырқалды. Бұл отандық спорттағы тарихи жетістік.

Спорттағы кез келген нәтиже кездейсоқ емес. Бұл жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүргізілген жұмыстың жемісі. Кейінгі жылдары спортты дамытуда дайындық сапасына, жаттықтырушылар біліктілігіне, спорттық медицинаға және инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекеттік органдар, федерациялар, жаттықтырушылар, мамандар және спортшының отбасы бірлесіп, үлкен арман жолында еңбек етеді.

Сондай-ақ спорт саласындағы өзгерістер Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып келеді. Заңнамаға түзетулер енгізіліп, қаржыландыру олимпиадалық спорт түрлеріне басымдықпен бағытталды. Бұл шешімдер бүгінде нақты нәтижесін көрсетуде.

Михаил Шайдоровтың жеңісі - жүйелі жұмыстың тиімділігін дәлелдейтін айқын мысал.

15 February, 2026
6

Қазақстан бокс федерациясының мамандары Olympic Solidarity курсына қатысып жатыр

Астанада республикалық федерациялардың спорт менеджерлеріне арналған Olympic Solidarity курсы басталды. Семинар барысында спорт менеджментіндегі трендтер мен практикалық кейстер, спорттағы жасанды интеллектің дамуы, спорт жобасын іске асыру және дамыту, спорт дипломатиясы және тағы басқа өзекті тақырыптар бойынша дәріс өткізіледі. Білім алушылар қатарында Қазақстан бокс федерациясының халықаралық қатынастар жөніндегі менеджері Олжас Жылқайдаров және спорт менеджері Асқар Сембиев те бар.

22 January, 2026
33

Қазақстан бокс федерациясы - жыл үздігі

Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі “Үздік-2025” марапаттау рәсімі өтті.
Бірнеше номинацияда Отандық бокс өкілдері үздік атанды. Соның ішінде, екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова үздік спортшы, оның жеке жаттықтырушысы Долкужан Камеков үздік бапкер деп танылды.

Қазақстан бокс федерациясы жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы атанды.

Жоба серіктесі - “Sport Qory” туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

 

25 December, 2025
44

ҚБФ мамандары біліктілік арттыру курсына қатысты

Қазақстан бокс федерациясының мамандары: халықаралық қатынастар жөніндегі менеджер Санжар Есенғазы және төрешілер алқасының төрағасы Дінмұхамед Абайханұлы Берлинде (Германия) біліктілігін арттырды.

European boxing ұйымдастыруымен өткен төрт күндік курс барысында техникалық делегаттың міндеті және рөлі, турнирдің техникалық өкілдерімен қарым-қатынасы және тағы басқа тақырыптар қозғалды.

Сонымен қатар, сертификаттау мәселесі және жеребе тарту жүйесін меңгеруге ден қойылды.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

19 December, 2025
43