Бокстан Болгариядағы бәсекенің жартылай финалы аяқталды.
Ел құрамасынан Даниал Сәбит (50 келі) жекпе-жексіз финалға шықты. 2025 жылғы Қазақстан чемпионы жартылай финалда өзбекстандық Асилбек Жалиловпен кездесуі тиіс болатын. Қарсыласы алған жарақатына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты.
Сондай-ақ қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Фарух Тоқтасынов (70 келі) Өзбекстан спортшысы Шавкатжон Болтаев жартылай финал жекпе-жегін өткізбейтін болды. Оған басты себеп — қарсыласының жарақат алуы.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Элина Базарова (54 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) финалға шыққан еді.
Ал отандасымыз Надежда Рябец (80 келі) ешқандай жекпе-жексіз бірден финалға жолдамаға қол жеткізді.
27 February, 2026
7
«Странджа» турнирінде 9 боксшымыз жартылай финалға өтті
27 ақпанда Болгарияның София қаласында қазақстандық боксшылар қатысқан «Странджа кубогы» халықаралық турнирінің ширек финалындағы он жекпе-жек өтті.
Төменде жарыстың бесінші күнінде Қазақстан ерлер құрамасы өкілдерінің көрсеткен нәтижелері берілген:
50 кг. Даниял Сабит — Улаш Ялчинкая (Түркия). Сабиттің жеңісі. Ялчинкая жарақатына байланысты үшінші раундқа шықпады. Жекпе-жек тоқтатылған сәттегі есеп — 5:0.
55 кг. Бағлан Кенжебек — Билгуунсайхан Хархуу (Моңғолия) — 0:5;
65 кг. Ертуған Зейнуллинов — Малик Гасанов (Әзербайжан) — 0:5;
70 кг. Фарух Тоқтасынов — Рэнди Ботикали (Германия) — 4:1;
70 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Лавант Браунли (АҚШ) — 0:5;
85 кг. Сұлтанбек Айбарұлы — Акмалжон Исроилов (Өзбекстан) — 0:5;
85 кг. Бекзат Таңатар — Матвей Ражба (Украина) — 0:5;
90 кг. Дәулет Төлемісов — Джозеф Авинонгья (АҚШ) — 0:5;
90 кг. Нурмагамед Юсупов — Самир Собиров (Өзбекстан) — 0:5;
+90 кг. Нұрлан Сапарбай — Озодбек Алиев (Өзбекстан) — 0:5.
Еске салайық, «Странджа кубогы» Еуропадағы ең көне бокс турнирі болып саналады. Жартылай финалдық жекпе-жектер 28 ақпанда өтсе, финалдар 1 наурызға жоспарланған.
27 February, 2026
10
«Странджа» турнирінің төртінші күні 19 боксшымыз өнер көрсетеді
Бұл күні еліміздің әйелдер құрамасынан 15 былғары қолғап шебері ширек финалда ойын көрсетсе, ерлерде 65 және 70 келідегі спортшылар өзара мықтыны анықтайды.
Күндізгі сессия
1-жұп. 48 келі. А рингі. Айгерім Сәттібаева — Ханна Охота (Украина) 2-жұп. 48 келі. А рингі. Анель Құдайберген — Сабина Бобокулова (Өзбекстан) 4-жұп. 54 келі. В рингі. Анель Сақыш — Ана Ливия Висенте Линхарес (Бразилия) 5-жұп. 54 келі. А рингі. Жайна Шекербекова- Йоселин Перез (АҚШ) 5-жұп. 54 келі. В рингі.Элина Базарова — Айшен Ташкын (Түркия) 9-жұп. 70 келі. В рингі. Фарух Тоқтасынов- Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түрікменстан) 12-жұп. 65 келі. А рингі. Илья Калинин — Юри Фалькао Рейс (Бразилия) 13-жұп. 70 келі. В рингі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы -Джон Макконелл (Германия) 14-жұп. 65 келі. А рингі. Ертуған Зейнуллинов — Маркус Лузер (АҚШ)
Кешкі сессия
1-жұп. 57 келі. А рингі. Ұлжан Сәрсенбек — Алиса Мендоза (АҚШ) 3-жұп. 60 келі. А рингі. Римма Волосенко — Йомна Айад (Египет) 4-жұп. 60 келі. В рингі. Виктория Графеева — Ребека де Лима Сантос (Бразилия) 6-жұп. 65 келі. В рингі. Лаура Есенкелді — Андра Кринута Себе (Румыния) 8-жұп. 70 келі. А рингі. Бақыт Сейдіш — Вивиана Дос Сантос Перейра (Бразилия) 8-жұп. 70 келі. В рингі. Мәдина Нұршаева- Шантель Рид (Ұлыбритания) 9-жұп. 75 келі. А рингі.Валентина Хальзова — Амалия Нита (Румыния) 9-жұп. 75 келі. В рингі.Мария Сидоренко- Наоми Грэм (АҚШ) 11-жұп. +80 келі. А рингі. Валерия Аксенова- Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан) 12-жұп. +80 келі. А рингі. Дина Исламбекова — Хавванур Кезуда (Жапония).
Халықаралық турнирдің күндізгі сессиясы Қазақстан уақытымен 17:00–де басталса, кешкі сессия 21:00–ге белгіленген.
26 February, 2026
16
«Странджа» турнирінің үшінші күні қалай өтті?
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің үшінші жарыс күні мәресіне жетті.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері арасынан күндізгі сессияда әйелдер арасында 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек тағы бір отандасымыз Айдана Забынбекованы, Азия чемпионы Римма Волосенко (60 келі) АҚШ өкілі Алиша Крокетті 5:0, 60 келіде Виктория Графеева түркиялық Гизем Озерді 4:1 есебімен жеңді.
Ал Жазира Орақбаева 1/8 финалда 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Феруза Казаковаға 0:5 есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Кешкі сессияда отандасымыз Лаура Есенкелді АҚШ өкілі Мэри-Энджелис Росендоны 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Оған дейін белгіленген екі жекпе-жектің өтпейтіні анықталды. Қазақстандық Аружан Жаңабаева (65 келі) жарақатына байланысты Навбахор Хамидовамен (Өзбекстан) кездесуден бас тартты.
Сондай-ақ Даниал Сапарбай (90 келіден жоғары) жекпе-жектен бас тартуына байланысты Нұрлан Сапарбай автоматты түрде ширек финалға шықты.
Айта кетсек, Қазақстан Болгария астанасына 39 боксшыны аттандырды. Биыл Странджа кубогы 77-мәрте өткізіп жатыр.
25 February, 2026
10
«Странджа» халықаралық турнирінің үшінші күні 9 отандасымыз жұдырықтасады
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің үшінші жарыс күні, 25 ақпанда ел құрамасынан кімдердің шаршы алаңға шығатыны белгілі болды.
Бұл жарыс күнінде 9 отандасымыз шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Виктория Графеева бар. Сондай-ақ, 2 жұпта қазақстандық боксшылар өзара жұдықтасады.
Күндізгі сессия
2 жұп. 51 келі. В рингі
Жазира Орақбаева - Феруза Казакова (Өзбекстан)
6жұп. 57 келі. А рингі
Ұлжан Сәрсенбек - Айдана Забынбекова
9-жұп. 60 келі. А рингі
Римма Волосенко - Алиша Крокетт (АҚШ)
11-жұп. 60 келі. В рингі
Виктория Графеева - Гизем Озер (Түркия)
Кешкі сессия
3-жұп. 65 келі. А рингі
Аружан Жаңабаева - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
3-жұп. 65 келі. В рингі
Лаура Есенкелді - Мэри-Энджелис Росендо (АҚШ)
11-жұп. 90 келіден жоғары. А рингі
Нұрлан Сапарбай - Даниал Сапарбай.
Халықаралық турнирде Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00-де басталса, кешкі сессия 21:00-ге белгіленген.
25 February, 2026
9
Қазақстандық 12 боксшы Странджа кубогының келесі кезеңіне шықты
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан Странджа кубогының екінші жарыс күнінде қазақстандық 12 боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Болгария астанасы София қаласында 23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.
Биылғы бәсекеде 31 елден 338 боксшы (209 ер және 129 әйел) тіркелді.
Азия чемпионатының алдындағы сынақ: боксшыларымыз «Странджа» турниріне қатысады
Бокстан 23 ақпан – 2 наурыз күндері аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде ұлттық құраманың 39 cпортшысы бақ сынайды.
Қандай маңыздылығы бар?
Ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов «Boxam» (Испания), «Странджа» (Болгария) халықаралық турнирі мен екі оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша, Моңғолияда өтетін Азия чемпионатының (28 наурыз – 11 cәуір) тізімін жасақтайды.
Қандай елдер қатысады?
Турнирге 36 елден 300-ден аса спортшы тіркелген. Олардың арасында жарыс қожайыны Болгариядан бөлек, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан Қытай Тайпейі және т.б мемлекеттер бар.
Бұл турнир жайлы не білеміз?
- Ең алғаш 1994 жылы Қазақстан құрамасы бақ сынап, 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған. - Дәл қазіргі сәтте бұл турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншілегенбіз. - Елімізден 2005 жылы Серік Сәпиев 60 келі салмақта алғашқы чемпион ретінде тіркелген.
Осы турнирден не күтеміз?
- Әйелдер арасында Валентина Хальзова Странджа турнирін 2 мәрте жеңген. Ал ерлер арасында Ертуған Зейнуллинов 2 рет қатарынан чемпион атануға мүмкіндігі бар.
- 2025 жылы Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеп, 6 алтын жүлдемен жалпы есепте бірінші орын алған болатын.
16-19 ақпан күндері аралығында Қазақстан бокс федерациясының кеңсесінде еліміздегі 17 облыс және 3 мегаполистің өкілдері жұмыс жиынына қатысты.
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Үкібайұлы мен бас хатшы Мерей Төлегенұлының жетекшілігімен 2025 жылдың қорытындысы жасалып, өңірдегі бокстың жағдайы талқыланды. Сондай-ақ 2026 жылдың жарыс жоспары қаралып, спортшылардың бәсекелерге толыққанды дайын болуы, өңірлердегі сапаны арттыру мақсатында өзара оқу-жаттығу жиындары, жолдастық кездесулер ұйымдастырылу жайлы сөз қозғалды.
Айта кетейік, 2026 жылы отандық боксшыларымызды төрт жылда бір мәрте өтетін XX жазғы Азия ойындары, жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада және т.б ірі додалар күтіп тұр.