МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

Ерлер құрамасы Қытайдағы әлем кубогына дайындалып жатыр

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстанның Янгиабад қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Аталған жиынға Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан және Корея құрамалары қатысуда.

Оқу-жаттығу жиынының бағдарламасы бойынша әр елдің боксшылары шеберлігін шыңдап, жалпы дене дайындығына жұмыс жүргізуде.

Айта кетейік, екінші Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді.

20 мая, 2026
7

Ербол Мырзабосынов World Boxing ұйымының басшылығымен кездесті

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліппен бірге 2027 жылғы бокстан әлем чемпионатына дайындық барысын инспекциялау мақсатында Астанаға келген World Boxing халықаралық ұйымының өкілдерімен кездесті.

Жиынға World Boxing ұйымының бас хатшысы Томми Рене Жозефин Дилен, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, сондай-ақ ұйым мен министрлік өкілдері қатысты.

Ербол Мырзабосынов Қазақстанның World Boxing ұйымымен ынтымақтастығының маңызын атап өтіп, әлем чемпионатын өткізу отандық спорт үшін маңызды оқиға екенін айтты.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бокстың еліміздегі ұлттық спорт түрлерінің бірі ретіндегі айрықша рөлін бірнеше рет атап өтті. Астанада әлем чемпионатын өткізу отандық боксты дамытуға, халықаралық спорттық байланысты нығайтуға және жастар арасында спортты насихаттауға үлкен серпін береді», – деді министр.

Кездесу барысында тараптар 2027 жылғы әлем чемпионатына дайындық, спорттық инфрақұрылым, ареналардың дайындығы және Қазақстан мен World Boxing арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

World Boxing өкілдері әлем біріншілігінің дайындық жоспарымен танысып, Қазақстанда халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді.

Еске сала кетейік, World Boxing ұйымдастыратын әлем чемпионаты 2027 жылдың сәуір айында Астанада өтеді.

19 мая, 2026
9

Түркістанда Мұхтархан Ділдәбековтың атындағы XIV халықаралық турнир басталды

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, ҚР Бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XIV халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.
– Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев осы турнирге қатысқан. Мықтылардың барлығы бір сәтте шыға қалған жоқ. Жетістікке жеткен боксшылар ауыл, аудан, облыс деңгейіндегі турнирдің барлық сатысынан өткен. Балаларға қолдау көрсетсек, олардың да деңгейі жоғарлай бермек, – деді Мұхтархан Ділдәбеков.
Биылғы турнирге Қазақстанның 10 өңірінен, сондай-ақ Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан, елдерінен келген 13 команда сапында 150-ге жуық жас боксшы қатысуда. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап, мықтыны анықтайды.
Жарыстың басты мақсаты – талантты жастарды ұлттық құраманың сапына іріктеу және шеберліктерін шыңдау.
18 мая, 2026
18

«Belgrade Winner» халықаралық турнирінің финалы қалай өтті?

Қазақстанның ерлер құрамасы Сербияда өткен «Belgrade Winner» халықаралық турнирінде бір алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық боксшылардың ішінде алғаш болып рингке Нұрасыл Төлебек шықты. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда кубалық Винсент Луис Энрикені төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.

Нұрбек Мурсал (70 кг) алтын медаль үшін черногориялық Милош Рогановичпен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Ал Ибрагим Бетаев (90 кг) финалда Кубаның тағы бір өкілі Уильямс Нельсонмен кездесіп, ол да төрешілер шешімімен есе жіберді.

Айта кетейік, бастапқыда Белградтағы турнирге Қазақстан ерлер құрамасынан он екі боксшы қатысты.

17 мая, 2026
13

Сербияда «Belgrade Winner» халықаралық турнирінің финалистері анықталды

Қазақстан құрамасынан үш боксшы ақтық сынға жолдама иеленді

60 келі. Нұрасыл Төлебек жартылай финалда Армения спортшысы Эрис Арстамяннан 4:1 есебімен басым түсті.

70 келі. Нұрбек Мурсал сербиялық қарсыласы жекпе жектен бас тартуына байланысты, жартылай финалда жеңімпаз деп танылды.

90 келі. Ибрагим Бетаев қарсыласы Богдан Толмачов (Украна) жарақатына байланысты, жекпе жексіз финалға өтті.

Төрт боксшымыз қола жүлдегер атанды.

50 келі. Нұрзат Оңғаров 1/2 финалда филиппиндік Кларк Вицераға жол берді.

80 келі. Нұрсұлтан Шілдебай Олимпиада чемпионы Александр Хижнякқа есе жіберді.

85 келі. Аян Қалмағанбетов украиналық Данило жасанға 2:3 есебімен жеңілді.

+90 келі. Аслан Елдібайұлы Түркия өкілі Берат Акарға жол берді.

Финалдық жекпе жектер 17 мамырға жоспарланған.

16 мая, 2026
14

Бокстан отандастарымыз Азия чемпионатын қалай өткізді?

15 мамыр күні Ташкентте World Boxing ұйымының қолдауымен өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасы чемпионаттың финалдық күнінде сегіз алтын медаль жеңіп алды. Алайда жалпыкомандалық медаль кестесінде Өзбекстанға жол беріп, екінші орынға тұрақтады.

Жарыс қорытындысы бойынша алаң иелері — Өзбекстан құрамасы 9 алтын, 7 күміс және 6 қола медальмен бірінші орын алды. Қазақстан құрамасы 8 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлдемен екінші сатыға жайғасты. Үздік үштікті 2 алтын, 7 күміс және 8 қола медаль иеленген Үндістан түйіндеді.

Турнирдің соңғы күнінде Қазақстанның ұлдар және қыздар құрамалары 11 финалда өнер көрсетіп, 8 алтын медаль жеңіп алды.

Ұлдар арасында Нұрасыл Ғалым (50 келі), Әмір Мұхит (60 келі), Әлібек Алпамыс (80 келі) және Сабыржан Сағым (+80 келі) Азия чемпионы атанды. Нұрасыл финалда моңғолиялық Сулд Усухбаатарды 5:0 есебімен жеңсе, Әмір өзбекстандық Ахмадхон Абдусатторовтан 4:0 есебімен басым түсті. Әлібек Өзбекстан өкілі Самандарбек Умаровты 4:1 есебімен ұтты, ал Сабыржан ирандық Мохаммедясин Заирге қарсы жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

Ұлдар арасында Мейіржан Жүніс (63 келі) пен Ислам Сүлейманоғлы (66 келі) финалда өзбек боксшыларына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Қыздар арасында Қазақстанға алтын медальдарды Хатшепсут Садвакасова (50 келі), Аяулым Оспанова (66 келі), Диана Надырбек (75 келі) және Жансая Ержан (80 келі) сыйлады. Сонымен қатар, Балым Ғабитқызы (60 келі) күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапында Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанғандар: Нұрислам Оналбек (57 келі), Бекхан Уразбай (52 келі), Айлин Ходжамбердиева (70 келі), Милана Иншина (46 келі) және Розалия Вайдеман (57 келі).

15 мая, 2026
9

U15 санатындағы боксшыларымыз Азия чемпионатында ТОП-3-ке енді

Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан U-15 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Құрлық біріншілігінің қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшылар 24 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 8 күміс және 9 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде Өзбекстан құрамасы көш бастады. Жарыс иелері 13 алтын, 8 күміс және 6 қола медаль иеленді. Екінші орынға Үндістан құрамасы жайғасты.

Қазақстанның ұлдар құрамасы турнирді 10 медальмен аяқтады. Команда қоржынына 5 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде түсті.

Азия чемпионы атанғандар қатарында Бейбарыс Қойшыбай (43 келі), Нұрислам Бактубаев (55 келі), Рауан Тоғызбай (61 келі), Аманжан Жанай (67 келі) және Аян Бауыржан (70 келі) бар. Финалдық жекпе-жектерде қазақстандық спортшылар Үндістан мен Өзбекстан өкілдерін жеңіп шықты.

Күміс жүлдені Саят Рахымберді (33 келі), Жақсылық Ермекұлы (35 келі) және Айбын Мәжит (+70 келі) иеленді.

Қыздар құрамасы да жоғары нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Самал Төлепберген (52 келі) мен Нұргүл Сахи (67 келі) өз салмақ дәрежелерінде Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ Нұржанат Бекназар, Сабрина Адилханова, Аруна Шалман, Айару Файзуллаева және Көркем Ғалым күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионаты U-15 және U-17 жас санаттары бойынша өтіп жатыр. Турнир 15 мамырда аяқталады.

14 мая, 2026
20

26 боксшымыз Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады

Бокстан Өзбекстан астанасы Ташкентте U15 және U17 санаты бойынша финалға шыққан елдердің тізімі белгілі болды.

ТОП-3 мемлекет:
Өзбекстан - 37 боксшы
Қазақстан - 26
Үндістан - 24

U15 санаты бойынша:

Өзбекстан - 21
Қазақстан - 15
Үндістан - 15
Қырғызстан - 3
Тайпей - 2
Түркіменстан - 2
Оңтүстік Корея - 1
Иран - 1

U17 санаты бойынша:

Өзбекстан - 16
Қазақстан - 11
Үндістан - 9
Қытай - 4
Жапония - 2
Тәжікстан - 2
Иран - 2
Вьетнам - 1
Түркіменстан - 1
Моңғолия - 1

Бахрейн - 1
Иордания - 1
Оңтүстік Корея - 1

Ертең спортшылар үшін демалыс. 14 мамыр күні U15 санаты және 15 мамыр күні U15 санатында жеңімпаздардың есімі белгілі болады.

13 мая, 2026
12

U17 санатында 6 ұлымыз ақтық сынға жолдама алды

Бокстан Ташкенттегі (Өзбекстан) Азия чемпионатында U17 санатындағы ұлдардың жартылай финалдық жекпе-жектері мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

U17

50 келі. 1/2 финал

Нұрасыл Ғалым - Сеонгмин Квон (Оңтүстік Корея) - 5:0

60 келі. 1/2 финал

Эмир Мухит - Избирмухаммет Муратдурдуу (Түркіменстан) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді

63 келі. 1/2 финал

Мейіржан Жүніс - Жеонгмин Парк (Оңтүстік Корея) - 5:0

66 келі. 1/2 финал

Ислам Сулейманоглы - Ризван Исаев (Қырғызстан) - 5:0

80 келі. 1/2 финал

Әлібек Алпамыс - Самир Сабуров (Түркіменстан) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді

+80 келі. 1/2 финал

Сабыржан Сағым - Жунсеонг Ким (Оңтүстік Корея) - 5:0

52 келі. 1/2 финал

Бекхан Уразбай - Жейден Прайс (Бахрейн) - 2:3

57 келі. 1/2 финал

Нұрислам Оңалбек - Матин Чамипа (Иран) - 2:3

12 мая, 2026
14

Бокстан U17 жас санатындағы Азия чемпионатының финалистері анықталды

Ташкентте U17 жас санатында қыздар арасында Азия чемпионатының финалистері анықталды.

Қазақстан құрамасынан 8 боксшы шаршы алаңға шығып, 5 спортшы ақтық сынға жолдама алды.

46 келі. Милана Иншина Рухшабону Ахадоваға (Өзбекстан) жол берді. Милананың еншісінде қола жүлде.

50 келі. Хатшепсут Садвакасова айқын басымдықпен Рим Алмарахиді (Иордания) жеңді

57 келі. Розалия Вайдеман Сара Коноға (Жапония) есе жіберді.

60 келі. Балым Ғабитқызы - Ишика (Үндістан) 3:2

66 келі. Аяулым Оспанова - Харнур Каур (Үндістан) - 5:0

70 келі. Айлин Ходжамбердиева - Карина Илмуратова (Өзбекстан) - 1:4

75 келі. Диана Надырбек - Лобар Шаймонова (Өзбекстан) - 5:0

80 келі. Жансая Ержан айқын басымдықпен Гуенх Хуонг Хоангты (Вьетнам) жеңді

Бұл жас санатындағы финал 15 мамырға жоспарланған.

11 мая, 2026
12

U15 санатындағы 8 ұлымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Бокстан Ташкенттегі (Өзбекстан) Азия чемпионатында U15 санатындағы жартылай финалдық бәсекелер мәресіне жетті.

U15

33 келі. 1/2 финал

Саят Рахымберді - Шамшод Комилов (Өзбекстан) - 5:0

35 келі. 1/2 финал

Жақсылық Ермекұлы - Рохит Позина (Үндістан) - 5:0

43 келі. 1/2 финал

Бейбарыс Қойшыбай - Адам Магбул (Иордания) - 1-раундта техникалық нокаут

55 келі. 1/2 финал

Нұрислам Бактубаев - Харшвардхан Жина (Үндістан) - 5:0

61 келі. 1/2 финал

Рауан Тоғызбай - Чинг-Тиен Ю (Тайпей) - 5:0

67 келі. 1/2 финал

Аманжан Жанай - Бобур Ниязов (Өзбекстан) - 4:1

70 келі. 1/2 финал

Аян Бауыржан - Мухаммад Бурханов (Қырғызстан) - 5:0

+70 келі. 1/2 финал

Айбын Мажит - Зубаир Журабаев (Қырғызстан) - 2-раундта техникалық нокаут

37 келі. 1/2 финал

Сұлтанғали Нұрмахан - Файозбек Норалиев (Өзбекстан) - 0:5

64 келі. 1/2 финал

Дінмұхамед Молдахан - Самандар Журабоев (Өзбекстан) - 1:4

Осы санаттағы финалдық айқастар 14 мамырға жоспарланған.

10 мая, 2026
9