Бокстан Әлем кубогының жартылай финалына қай елдер шықты?
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалға қай елден қанша боксшы шыққаны белгілі болды.
Дүбірлі додаға алғашқыда 44 мемлекет қатысуға ниет білдірген еді. Олардың арасынан 23-і әлем кубогына былғары қолғап шеберлерін аттандырды. Біздің елімізден беделді бәсекеге 17 спортшы келді. Енді жартылай финалда Қазақстан құрамасынан 8 боксшысы (5 әйел, 3 ер) ертең шаршы алаңға шығады.
Жарыстың аталған сатысында Өзбекстан 11, Қытай - 9, Қазақстан мен Франция - 8 үздігіне үміт артса, одан кейінгі орындарда Үндістан мен Польша - 6.
20 июня, 2026
0
Әлем кубогының төртінші күні қалай өтті?
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогінің кезекті жарыс күнінде ел қоржынына алғашқы жүлде түсті.
54 келіде шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай ширек финалда Польша елінің өкілі Виктория Беатамен жұдырықтасты.
Тартысқа толы жекпе-жекте үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді Назым Қызайбайдың еншісінде кем деген де қола жүлде бар.
Сондай-ақ 51 келіде Алуа Балқыбекова 1/8 финалда венесуэлалыө Ирисмар Кардосомен жекпе-жекке шықты. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова 4:1 есебімен жеңді.
Ал ерлер арасынан 65 келіде Санатәлі Төлтаев жарысты сәтті бастаған еді. Алайда ұлыбританиялвқ Патрис Мугалзайға есе жіберді.
Айта кетейік, айтулы додағп әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысып жатыр. Байрақты бәсеке 21 маусымға дейін жалғасады.
19 июня, 2026
1
Әлем кубогының үшінші күні қалай өтті?
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезекті жарыс күні мәресіне жетті.
Алғашқы болып 70 келіде жарыс жолына Абылайхан Жүсіпов шықты. Ол 1/8 финалда бразилиялық боксшыға қарсы қолғап түйістірді. Нәтижесінде Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
60 келіде Серік Теміржанов ел намысын қорғады. Ол АҚШ елінің өкілі Кайан Рейеспен өзара мықтыны анықтады. Алайда Серік Теміржанов 1/8 финалда сүрінді.
Бұдан өзге 80 келіде Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысы, әлем чемпионы Жавохир Умматалиевке қарсы жұдырықтасты. Көпшілік асыға күткен бұл жекпе-жекте қос елдің мықтысы барын салды. Бірақ төрешілер 3:2 есебімен жеңісті өзбек боксшысына берді.
18 июня, 2026
1
Әлем кубогының екінші күні қалай өтті?
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші күні мәресіне жетті. Нәтижесінде төрт отандасымыз жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
65 келі. 1/16 финал.
Санатәлі Төлтаев - Малик Хасанов (Әзербайжан) - 2-раундта қарсыласының жарақат алуына байланысты келесі кезеңге өтті.
75 келі. 1/8 финал. В рингі.
Тимур Нұрсейітов - Тадхг Одонелл (Ирландия) - 3:2
54 келі. 1/8 финал. А рингі.
Назым Қызайбай - Им Э Джи (Оңтүстік Корея, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) - 5:0
Азия ойындары алдындағы соңғы сынақ: Қытайдағы Әлем кубогына шолу
Бокстан 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Бұл додаға әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысуға ниет білдірді.
Қытай жарысты қашан өткізген?
Шетелдік боксшылар ұзақ үзілістен кейін Қытайдағы ірі халықаралық жарысқа қайта қатыспақ. Бұған дейін әлемнің өзге құрлықтарының басын қосқан ірі жарыс 2012 жылы (әйелдер арасындағы әлем чемпионаты) өткен болатын.
Әлем кубогына нешінші рет қатысып жатырмыз?
2025 жылы Қазақстан боксшылары Бразилия, Қазақстан, Үндістандағы Әлем кубогына қатысып, 12 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлде жеңіп алса, 2026 жылы Бразилиядағы алғашқы кезеңде 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.
Құрам қаншалықты тәжірибелі?
Сәуір айындағы Бразилиядағы Әлем кубогымен салыстырар болсақ, ерлер құрамасының тізімі толықтай жаңартылса, әйелдер құрамасынан тек 2 ғана өзгеріс енгізілген.
Ерлер құрамасы
50 келі. Санжар Тәшкенбай
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
55 келі. Тимур Қабдешов
2025 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. Дебют.
60 келі. Серік Теміржанов
2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Екінші мәрте қатысады.
65 келі. Санатәлі Төлтаев
2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Дебют.
70 келі. Абылайхан Жүсіпов
2025 жылғы әлем және Қазақстан чемпионы. Екінші мәрте қатысады.
75 келі. Тимур Нұрсейітов.
2025 жылғы Қазақстан чемпионатының финалисі. Дебют.
80 келі. Сабыржан Аққалықов
2025 жылы елорда төрінде топ жарған. Азия чемпионатынан кейін 75 келіден 80 келіге көтерілуге шешім қабылдады.
85 келі. Ешкім қатыспайды.
90 келі. Нұрбек Оралбай
2025 жылы елорда төріндегі Әлем кубогының финалисі. Азия чемпионатынан кейін 85 келіден 90 келіге көтерілді.
+90 келі. Айбек Оралбай
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
Ерлер құрамасы сапынан 60, 70, 80, 90 келідегі боксшылар үшін өте маңызды сынақ болмақ. Себебі, олар үшін жарыстың сәтті өтуі - Азия ойындарына бару мүмкіндігін арттырады.
Әйелдер құрамасы
51 келі. Алуа Балқыбекова
Бразилиядағы Әлем кубогының қола жүлдегері
54 келі. Назым Қызайбай
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
60 келі. Виктория Графеева
Бразилиядағы Әлем кубогының чемпионы
65 келі. Аида Әбікеева
Бразилиядағы Әлем кубогының күміс жүлдегері
70 келі. Лаура Есенкелді
65 келіде 2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Дебют.
75 келі. Наталья Богданова
2025 жылы елорда төрінде топ жарған.
80 келі. Валерия Аксенова
Бразилиядағы Әлем кубогының чемпионы
+80 келі. Дина Исламбекова
Биылғы Азия чемпионы. Дебют
Аруларымыздың құрамы тұрақты болғанымен, бұған дейін өз салмағында жұдырықтасып жүрген Лаура Есенкелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова бір салмақ жоғары көтерілмек.
13 июня, 2026
3
Ерлер құрамасындағы дебют: Әлем кубогына қатысатын құрам белгілі
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады.
Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 17 боксшы қорғайды.
Ерлер
50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай
55 келіге дейін: Тимур Қабдешов
60 келіге дейін: Серік Теміржанов
65 келіге дейін: Санаталі Төлтаев
70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов
75 келіге дейін: Тимур Нұрсейітов
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.
15-21 маусым аралығында өтетін Қытайдағы Әлем кубогы кезеңіне 44 елден 333 спортшы қатысады.
12 июня, 2026
5
Әйелдер құрамасындағы өзгерістер: Қытайдағы Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды?
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады.
Әйелдер
51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова
54 келіге дейін: Назым Қызайбай
60 келіге дейін: Виктория Графеева
65 келіге дейін: Аида Әбікеева
70 келіге дейін: Лаура Есенгелді
75 келіге дейін: Наталья Богданова
80 келіге дейін: Валерия Аксенова
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.
11 июня, 2026
3
Мақсат Бақтыбазаров: U23 Азия чемпионатына баратын құрам 80-90%-ға анықталып қойды
“Алма-тау оқу базасындамыз. U23 ұлттық құрамасы 3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Қазір арнайы дене дайындығына көңіл бөлініп жатыр. Осыдан кейін 21 маусым - 1 шілде аралығында Алматы облысы, Жаңашар оқу базасында дайындығымызды одан әрі пысықтап, сақадай-сай баруға ниеттеніп отырмыз. Біз 21-26 сәуір аралығында Атырау қаласында ұйымдастырылған Болат Теміровты еске алуға арналған халықаралық турнирде U23 құрамасына іріктеу жасаған едік. Енді шамамен құрам 80-90%-ға анықталып қойды. Осы жерде 2 салмақты анықтап, толық құрамды шілде айының басында ресми түрде жариялаймыз”, - деді Мақсат Бақтыбазаров.
Айта кетейік, Джакарта төріндегі сары құрлық додасына 26 елінен 430-дан астам боксшы тіркелді.
Биыл бұл дода екінші мәрте өткізілгелі жатыр. 2025 жылы Таиландта U22 құрамасы 5 алтын, 4 күміс жүлде еншілеген еді.