БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕМІЗ

Бокс федерациясы туралы

Қазақстан бокс федерациясы 1959 жылы 1941 жылы құрылған республикалық бокс секциясының негізінде құрылды. 1992 жылы Қазақстан бокс федерациясы AIBA мүшесі болып, Азия бокс конфедерациясының құрамына енді. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан бокс федерациясының президенті болып Т.А. Құлыбаев тағайындалды.

2012 жылғы 21 наурызда Швейцарияның Лозанна қаласындағы AIBA штаб-пәтерінде өткен AIBA кәсіби боксының (APB) Атқарушы бюросының алғашқы отырысында Т.А. Құлыбаевты APB бойынша AIBA вице-президенті етіп тағайындау туралы шешім бірауыздан қабылданды. Сонымен қатар ол AIBA Атқарушы комитетінің мүшесі атанды.

Қазақстанда бокстың дамуына зор үлес қосқан Қазақстан бокс федерациясының президенттері
  • 1993-2000 жж. – Бекет Сапабекұлы Махмұтов, сондай-ақ AIBA-ның вице-президенті болып сайланды.
  • 2000-2002 жж. – Нұрлан Үтепұлы Балғымбаев.
  • 2002-2004 жж. – Ляззат Кетебайұлы Киинов.
  • 2004-2005 жж. – Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев.
  • 2005-2008 жж. – Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин.
Қазақстан бокс федерациясы AIBA-ның инновациялық жобаларына — Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) және AIBA кәсіби боксы (APB) — белсенді қатысады.
2010 жылғы 19 қарашада қазақстандық «Astana Arlans» клубы AIBA-ның жаңа жобасы — Бүкіләлемдік бокс сериясына (WSB) қатысты.

WSB — бұл AIBA жобасы және бокстағы жаңа дәуірдің бастауы. Бұл Олимпиада ойындарына қатысу құқығын сақтай отырып, алғаш рет өткізілген кәсіби серия. 2010 жылдың қаңтар айында Қазақстан бокс федерациясы WSB жобасына қатысу туралы келісімшартқа қол қойды. 2010 жылдың сәуір айында «Astana Arlans» кәсіби спорт клубы құрылды. 2010 жылдың шілде айында Astana Arlans командасына WSB нұсқасы бойынша ҚР кәсіби боксы ұлттық құрамасы мәртебесі берілді. Финалда Astana Arlans «Париж Юнайтед» клубына екінші матчта 1:4 есебімен жеңіліп, WSB алғашқы маусымының чемпионатында екінші орын алды. Қанат Әбутәліпов Бүкіләлемдік бокс сериясының алғашқы жеке чемпионатының жеңімпазы атанып, 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына алғашқы жолдама жеңіп алды. 2013 жылы Astana Arlans командасы WSB-ның үшінші маусымының жеңімпазы атанды.