Акционерлік қоғам «Ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына»» — бір ғана акционері Қазақстан Республикасы Үкіметі болатын қор.
Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және коммерциялық құрылым — инвестициялық холдинг болып табылады; оның миссиясы — Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету.
«Самұрық-Қазына» қоры өз миссиясын портфельдік компанияларды тиімді басқару арқылы — олардың ұзақ мерзімді құнын арттыру және тұрақты даму қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық экономикадағы басым секторларды дамытуға каталитикалық инвестициялар жасау арқылы орындайды.
2015 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның таза консолидацияланған пайдасы 304,8 млрд теңге болды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 30 %-ға өскен көрсеткіш. 2015 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компаниялары 663 млрд теңге сомасына салықтар мен төлемдер төледі. Сол жылы қор 2014 жылғы қызмет нәтижесі бойынша бір ғана акционерге 34,7 млрд теңге дивиденд төледі. Есепті кезеңде басқа төлемдер мен бөлу сомасы 32,2 млрд теңгені құрады.
Қордың активтері шамамен 61,5 млрд АҚШ долларын құрайды. Қор тобына кіретін компаниялар Қазақстандағы барлық инвестициялардың төрттен бір шамасына жауап береді. Холдингтің инвестициялық портфелі жүзден астам жобадан тұрады, олардың жалпы құны шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайды.
2016 жылы қор жаңа және өсіп келе жатқан компанияларды дамытуға 98 млрд теңге көлемінде инвестиция салуды жалғастырады, 2017 жылы — 63 млрд теңге көлемінде. 2020 жылға дейін қордың жалпы инвестиция көлемі шамамен 215 млрд теңгені құрайды.
2016 жылғы қор активтерінің өсуі 8 %-ға өсіп, 22,5 трлн теңгеге жетеді деп жоспарлануда, ал 2020 жылға қарай 13 %-ға өсіп, 23,7 трлн теңгеге жетеді.
«Самұрық-Қазына» АҚ тобына мұнай-газ және транспорт-логистика салаларының, химия және атом өнеркәсібінің, тау-кен-металлургия кешенінің, энергетика, машина жасауы және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.