Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Серік Қонақбаев өзіне қолдау көрсеткендерге алғыс айтты

03 Қараша, 2018

 АIBA халықаралық бокс қауымдастығының Президенттігіне үміткер болған Серік Қонақбаев бүгін Мәскеуде өткен конгресс нәтижесіне қатысты өз пікірін білдірді

"Бокстың олимпиадалық спорт түрі ретінде қарыштап дамуы үшін барымды саламын. Бұл әлі бастамасы ғана. 1 раунд аяқталды. Енді 2 раунд басталады. Мені қолдаған барша қазақ еліне, Алаш азаматтарына алғысым шексіз", - деп атап өтті Серік Қонақбаев.
Жерлесіміз дауыс беру нәтижесіне сәйкес, 48 дауыс жинады. 
Айта кетейік, ХОК егер Ғафур Рақымов АИБА Президенті болып тағайындалған жағдайда бокс Токио Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алынып тасталуы ықтимал деп мәлімдеген еді.
Наверх