Казахстанская
федерация Боксаwww.kfb.kz

Новости

Сәкен БИБОСЫНОВ: «Егер ұсыныстары көңілімнен шықса, жұдырықтасуға дайынмын».

23 января, 2022

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов өзбекстандық боксшы Хасанбай Досматовқа жауап берді. Ол Досматовпен қандай шартпен бокстасатынын айтты.  

- Сәкен, Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматов sports.ru сайтына берген сұхбатында сізбен қайта жұбырықтасқысы келетінін айтты. Бірақ қашан, қайда кездесетінін айтпады. Хасанбаймен жекпе-жек өткізуге қарсы емессіз бе? Қандай шартпен жұдырықтасуыңыз мүмкін?
- Хасанбай Досматов – Рио Олимпиадасының жеңімпазы, Уэль Баркер кубогының иегері. Былтыр Сербияда өткен әлем біріншілігінде Хасанбаймен кездесіп, жеңіске жеттім. Ол БАҚ-қа сұхбат беріп, менімен жұдырықтасқысы келетінін журналистерге айтқан екен. Әрине, екінші рет кездесуге қарсы емеспін. Екі тарап келісімге келіп жатса, әрине, жұдырықтасамын. Қай салмақ болса да. Келісім беремін. Мен қазір кәсіпқойда емеспін. 
Досматовтың промоутер-менеджері бар. Ал менің менеджерім жоқ. Ол үшін промоутерлік компанияның басшылары мені шақырып: «Х.Досматовпен жұдыртасқың келе ме?» - деп жатса, қуана келісемін. Ұйымдастыру тарапы күнін, уақытын белгілеп жатса, жұдырықтасамыз. Сосын гонорары аз болмауы керек. Менің де жетістіктерім баршылық. Азия мен әлем біріншілігінің және олимпиаданың қоласын алдым, дүние жүзінің чемпионы атанып, аз ақшаға бола бокстасқым келмейді. Егер ұсыныстары көңілімнен шықса, жұдырықтасуға дайынмын.   
- Сіз Олимпиада жүлдегерісіз және әлем чемпионы деген атағыңыз бар. Ермахан Ибраймов, Болат Жұмаділов және Серік Сәпиевтер карьерасын әуесқойда аяқтап, кәсіпқойға барған жоқ. Сізде әуесқойда қалып қоймайсыз ба? Кәсіпқойға қашан ауысасыз?
- Негізі кәсіпқойға ауысу мақсатым бар. Қазір әуесқойда жүргендіктен кәсіпқойға қашан ауысатымды айтпаған жөн деп ойлаймын. Басты мақсатым, балалық шағымнан арманым – Олимпиада чемпионы атану. Алла қаласа, 2024 жылы Париж олимпиадасына қатысып, алтын үшін барымды саламын. Содан кейін жеке бапкерім Мырзағали Айтжановпен ақылдасып, ақ батасын алып кәсіпқойға ауысамын.
 
Турнирге дайындық Samruk Kazyna акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қорының қолдауымен жүзеге асты.    
 
Сұхбаттасқан - Айбек МҰХАНОВ,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.
Наверх