Казахстанская
федерация Боксаwww.kfb.kz

Новости

Павлодар облысы бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды!

29 января, 2022
Павлодар облысының бокс федерациясы 2021 жылды қорытындылады. Айтулы іс-шара жастар бастамаларын дамыту орталығында өткен конференция аясында өтті. Кездесу Қазақстан бокс федерециясының өкілі, ҚБФ атқарушы директоры Маратбек Мықтыбековтің қатысуымен өтті. Сонымен қатар, Павлодар бокс федерациясының негізін қалаушылардың бірі, ҚБФ атқару комитетінің мүшесі Шухрат Данбай, облыстық федерецияның атқарушы директоры Азамат Мақажанов, бапкерлер мен спортшылар қатысты.
         
          - Павлодар облысы 2022 жылғы Қазақстан чемпионатын өткізу мәртебесін жайдан-жай алып отырған жоқ. Жергілікті спорт басшыларының қажырлы еңбегінің арқасында осындай жоғары нәтижелерге жетуге болады. Қазақстан бокс федерациясы атынан Шухрат Данбай мырзаға осындай деңгейге жеткені үшін алғыс айтқым келеді. Облыстың атынан шығатын барлық спортшылар мен бапкерлерге сәттілік тілеймін, - деп Маратбек Мықтыбеков өз ойын қорытындылады.
Шухрат Данбайдың айтуы бойынша 2021 жылы пандемия және басқа да кедергілерге қарамастан, барлық жас дәрежесінде облыстың боксшылары 66 жарысқа қатысқан. Спортты жан-жақты қолдау мен бапкерлерге қажетті жағдай жасау арқылы боксшылар көптеген байрақты бәсекеде жақсы өнер көрсетті. Павлодар бокс федерациясының жаңа президенті болып, Нағашыбек Әубәкіров тағайындалды. Қоғамдық қызметтен бөлек Әубәкіров «УПНК» ЖШС бас директоры, және облыстық мәслихат депутаты.

- Павлодар облысының жоспарына сай жұмыс жасайтын боламыз. Бұрынғы жылдары федерацияда қаржы мәселесі болған еді. Бірінші кезекте осы мәселені қолға алатын боламыз. Себебі спортшылар басқа мәселеге алаңдамай, жаттығуға көбірек көңіл бөліп, спортпен айналысуы қажет. Сол кезде облысымыз жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Жыл сайын павлодарлық боксқа 50 миллион теңге салуға міндеттенемін, - жаңадан сайланған президенттің сөзі осындай болды.

Бұрынғы президент Оспанбек Әлсейітов назардан тыс қалмады. Оспанбек мырзаға осы уақытқа дейін жасаған қызметі мен спорттың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Кездесудің ресми бөлімінен кейін марапаттау рәсіміне де кезек келді.

«ҚР еңбек сіңірген бапкері» атағы Азамат Мақажанов пен Жұмагелді Мәжімовке берілді. «Еңбек сіңірген спорт шебері» белгісін Белградта өткен Әлем чемпионатының финалисті Серік Теміржановқа табыстады. Сонымен қатар, бапкерлер мен төрешілер арнайы мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Айта кетейік, 2021 жылы отандық бокс қолғап шеберлері бірнеше халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетті. Кёльц қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының финалисті Сабыр Ерболат, Милана Аюпова мен Хава Болкоева жастар арасындағы Азия чемпионатының алтын және қола жүлдегері атанды. Алғашқы Достастық кубогының жүлдегерлері Ислам Машкентаев және Әділ Қасымовты айтуға болады. Павлодар облысы үшін басты жаңалық, Серік Теміржановтың Әлем чемпионатының жүлдегері атануы. Сонымен қатар облыс тарихында, бокстан алғаш рет Олимпиада ойындарының қатысушысы болды.

 

Назначен новый президент Федерации бокса Павлодарской области!

В федерации бокса Павлодарской области подвели итоги 2021 года. Мероприятие состоялось в рамках конференции в Центре развития молодёжных инициатив. На встрече присутствовали – представитель Федерации бокса Казахстана в лице исполнительного директора Маратбека Мыктыбекова, председатель Наблюдательного Совета  ТОО  «УПНК» из  состава учредителей местной Федерации бокса и член исполкома КФБ Шухрат Данбай, исполнительный директор федерации бокса региона Азамат Макажанов, руководство области, тренеры и спортсмены.

 

- Павлодарская область неспроста получила право на проведение чемпионата Республики Казахстан в 2022 году. Благодаря работе местных спортивных властей, федерации бокса получаются такие высокие результаты, рост и потенциал у местных мастеров. От имени КФБ хотел бы лично выразить признательность одному из основателей подобного успеха Шухрату Данбаю. Желаю всем боксерам и тренерам вашей области процветания и успешного проведения ЧРК, - отметил в своем выступлении Маратбек Мыктыбеков.    

 

Так, по словам Шухрата Данбая, в 2021 году, несмотря на все сложности, вызванные пандемией и другими ограничениями, боксёры области приняли участие в 66 спортивно-массовых мероприятиях по всем возрастам. Поддержка спорта, создание соответствующих условий тренерам и спортсменам способствовали успешным выступлениям на престижных турнирах. Затем он же представил нового президента федерации бокса Павлодарского региона – им стал Нагашбек Аубакиров. Помимо новой для себя общественной должности, Аубакиров является генеральным директором ТОО «УПНК» и депутатом областного маслихата. 

          – Будем работать в соответствии с планами федерации бокса Павлодарской области. В прошлые годы в этой федерации были трудности с финансами, и прежде всего мы будем стараться решать эти проблемы. Потому что спортсмены должны заниматься только спортом, тренировками и не отвлекаться на другие проблемы. Только тогда наша область достигнет хороших результатов. И напоследок, заручаюсь вкладывать в год в павлодарский бокс не менее 50 млн. тенге, – сказал Нагашбек Аубакиров

          Не остался без внимания и прежний руководитель федерации бокса области Оспанбек Алсеитов. Ему было выражено глубокая благодарность за большой личный вклад в развитие и поддержку спорта.

После всех официальных моментов приступили к награждениям. Маратбек Мыктыбеков вручил знаки заслуженных тренеров Республики Казахстан – Азамату Макажанову и Жумагельды Мажимову и знак «Заслуженный мастер спорта» - финалисту чемпионата мира в Белграде Серику Темиржанову. Почетные грамоты областного  управления получили тренеры и судьи.

Напомним, в 2021 году павлодарские мастера кожаной перчатки успешно выступили сразу на нескольких международных соревнованиях. Сабыр Ерболат стал финалистом молодежного чемпионата мира в г. Кёльце. Милана Аюпова и Хава Болкоева взяли золотую и бронзовую медали на чемпионате Азии среди молодежи. Призерами дебютных Игр Содружества оказались Ислам Машкентаев и Адиль Касымов. Ну и наконец, первым в истории бокса Павлодарский области Серик Темиржанов стал участником летних Олимпийских игр. Также ему принадлежит серебряная награда чемпионата мира-2021. 

Витрина

Наверх