Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі мен Халықаралық бокс қауымдастығы (АИБА) қол қойған келісімге сәйкес үстіміздегі жылғы қарашаның 14-і мен 26-ы аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді.

Қазақстан алғаш рет олимпиадалық спорт түрінен әлем біріншілігін өткізу – бұл құқықты біздің еліміз Қазақстан бокс федерациясының халықаралық спорт алаңында алған беделінің, қазақстандық боксшылардың әлемдік жарыстардағы ең жоғары деңгейге жеткен жетістіктерінің арқасында алып отыр.

2012 жылдың 12 сәуірінде Астана қаласында халықаралық бокс қауымдастығы (АИБА) мен «Қазақстан бокс федерациясы» ЗТБ ФБ арасында 2013 жылы Қазақстанда ересектер арасында бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы келісімге қол қою рәсімі өткізілді. Бұл салтанатқа АИБА Президенті Чинг-Куо Ву мен Қазақстан бокс федерациясының президенті Т.А.Құлыбаев қатысты.

Ересектер арасындағы әлем чемпионатының 2013 жылы Қазақстанда өтуі туралы шешім 2011 жылғы 1 тамызда Астана қаласында өткен АИБА атқарушы комитетінің мәжілісінде бірауыздан қабылданды. Бокстан әлем чемпионатының 2013 жылы Қазақстанда өтуіне тапсырыс берген Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, АИБА Атқарушы комитетінің мүшесі Серік Қонақбаев еді.

Алматы қаласында өтетін әлем чемпионаты – бұл миллиондаған спорт әуесқойларының осы спорт түрінің Қазақстанда және әлемде дамуына және әсіресе ең сүйікті спорт түріне айналуына назары ауған, ғаламдық көлемдегі оқиға. Алматыда өтетін әлем біріншілігі - АИБА-ң жаңа ережелері бойынша – қорғаныш бас киімінсіз өтуі – бокс тарихындағы таңбадай болады.

Жарыстарға қатысу мен Әлем чемпионатын өткізу үшін Алматыға спортшылар мен қатысушы-елдердің ресми тұлғалары, Халықаралық Олимпиадалық комитет және АИБА мүшелері, жаһандық БАҚ өкілдері келеді. Қатысушылар мен Әлем чемпионаты қонақтарының жалпы саны шамамен бір жарым миллиондай адам болады деп күтілуде.

Ғаламшардың ең күшті боксшыларының жекпе жегі Total Sport Asia теле арнасының әлемдік желісінде, Қазақстан Республикасының аумағында – республикалық арналардың бірінде таратылады, жаһандық және республикалық басылымдарда, электронды БАҚ-та жарияланатын болады.